jasqazaq.kz

Шахизада Шәкенова: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру тек инфрақұрылыммен шектелмейді

17 шiлде, 15:01

Шымкент қалалық білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Шахизада Шакенова jasqazaq.kz сайтына берген сұхбатында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалардың еркін қозғалуын және мектеп кеңістігінде кедергісіз орта қалыптастыруды қамамасыз ету мақсатында арнайы мектеп-интернаттарда пандустар, ішкі есіктер мен санитарлық тораптар толық бейімдеуден өткізілді. Бұл шаралар балалардың оқу процесіне толыққанды араласуына жағдай жасайды.
Қалада ерекше білімді қажет ететін балалардың статистикасы бар ма?
–Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттілігі бар 13 623 бала тіркелген. Олар әртүрлі даму ерекшеліктеріне ие, нақтырақ айтқанда: ақыл-ойы кемістігінің жеңіл дәрежесі бар балалар – 760; ақыл-ойы кемістігінің орташа дәрежесі бар балалар – 77; ақыл-ойы кемістігінің ауыр дәрежесі бар балалар – 14; психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар – 3 464; көру қабілетінен толық айырылған (зағип) балалар – 8; көру қабілеті бұзылған (слабовидящий) балалар – 267; қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларында бұзылыстары бар балалар (аутизм спектрі және т.б.) – 625; мінез-құлқының бұзылыстары бар балалар – 187; тірек-қимыл аппараты бұзылған (ДЦП) бар балалар – 621, сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалар – 7 310; есту қабілетінен толық айырылған (саңырау) балалар – 18; есту қабілеті төмен (слабослышащие) балалар – 272.
Аталған санаттағы балаларға олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру тек инфрақұрылыммен шектеле ме?
–Жоқ, әрине. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру тек инфрақұрылыммен шектелмейді. Бұл салада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мамандандырылған көмекке уақытылы қолжетімділікті қамтамасыз ету де аса маңызды. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық қолдауды жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасалуда.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта қалада 11 жеке меншік түзету кабинеті жұмыс істеп, баланың даму ерекшеліктеріне сай жеке бағытталған қызмет түрлерін ұсынып келеді. Бұл – мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімділігін көрсететін оң тәжірибе.

Мөлдір Кенжебай,

Шымкент

(жалғасы бар)

 

10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу