jasqazaq.kz

Шахизада Шәкенова: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру тек инфрақұрылыммен шектелмейді

17 шiлде 2025, 14:59

Шымкент қаласында инклюзивті білім беруді дамыту стратегиясы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер жасауға, олардың сапалы білім алуға қол жеткізуіне және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталған. Бұл бағытта қандай іс-шаралардың атқарылып жатқаны туралы Шымкент қалалық білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Шахизада Шакеновадан сұрастырдық. Үшінші мегаполистегі инклюзияның беталысы, кадрлық әлеуеті, әлеуметтік қолдау көрсетуі туралы осы сұхбаттан оқи аласыз.

Шахизада Абибуллақызы, инклюзивті білім беру бағытында Шымшаһарда қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
–Бұл бағыттағы кешенді іс-шаралар «Білім беруді дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Шымкент қаласының білім беру жүйесін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы» аясында жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Аталған стратегиялық құжаттар инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды, кадрлық әлеуетті күшейтуді, педагогтер мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсетуді және ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуына кедергісіз орта қалыптастыруды көздейді.
Осы стратегиялық бағыттарды іске асыру аясында қалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған инфрақұрылым жүйелі түрде дамып келеді.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша ерекше балаларға арналған білім беру мен түзету қызметтерін ұсынатын 24 арнайы ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарында: 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК); 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК); 11 жеке меншік психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК); 1 оңалту орталығы (ОО); 5 арнайы мектеп-интернат; 5 арнайы балабақша бар.
–Ерекше білімді қажет ететін балаларға қандай жағдай жасалып жатыр?
–Қала мектептерінде ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім беру инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамып келеді. Атап айтқанда, инклюзивті білім беруді енгізу және оны тиімді ұйымдастыру үшін № 12, 19, 24, 37, 58 және 132 жалпы орта білім беретін мектептерде арнайы инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, олардың барлығы заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Бұл кабинеттерде педагог-психологтар, логопедтер мен арнайы мамандардың қолдауымен балалардың жеке қажеттіліктерін ескеретін білім беру процесі ұйымдастырылады.

Мөлдір Кенжебай,

Шымкент
(Жалғасы бар)

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді