jasqazaq.kz

Үш ел президенттері халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады

18 желтоқсан 2016, 7:29

Ресей және Түркия басшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің ары қарай өркендей беруіне тілектестіктерін білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

В.Путинмен әңгіме барысында алдағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен ЕҚЫҰ саммитіне дайындық мәселелері талқыланды. Ал Түркия Президенті Р.Т.Ердуан ағымдағы жылдың 12 желтоқсанына Астанаға жоспарланған сапарын кейінге қалдыруына өкініш білдірді. Сондай-ақ Түркия басшысы алдағы уақытта Қазақстан Республикасына келуге дайын екендігін жеткізді. Ресей және Түркия президенттері Мемлекет басшысымен өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады. Ресей және Түркия көшбасшылары Сирияда қақтығысып жатқан тараптар арасында бейбіт келіссөздерді Астанада өткізуге қызығушылық білдірді. Елбасы бұл бастаманы қолдап, Қазақстан астанасында мұндай келіссөздер жүргізуге арналған алаңның дайын екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған халықаралық іс-әрекеттерді қолдайтынын атап өтті.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті