«Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысты. Бұл бағдарлама түлектерді оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшіріп, оларды одан әрі жұмысқа орналастырып, тұрғын үй бағдарламаларымен қамтып және тегін оқытуға бағытталған.
Осы жобаны іске асырған сәттен бастап 2014-2019 жылдары еңбек күші артық өңірлердегі жастарымыз Қазақстанның солтүстігінде орналасқан колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдіргендердің саны өскен. (Әр жылда шамамен 50-ден 200-ге дейін талапкер).
Алайда білім және ғылым министрлігі 10.12.2014 ж. №517 «Оңтүстік өңірлерден келген жастар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бойынша бір маманды даярлауға арналған шығындарды есептеу Тәртібін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылуына байланысты әлеуметтік сипаттағы өткір проблема туындап отыр.
Бұрын «Серпін» бағдарламасы бойынша студенттер жылы киім сатып алу үшін көтерме құралдармен, оқу орнына бару және кері қайту жолақысы үшін толық көлемде өтемақымен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, енді аталған бұйрықтың күші жойылуына байланысты оңтүстік өңірлерден келген студенттер жалпы негізде қаржыландырылады. Осылайша, жеңілдіктің алынып тасталуы оңтүстік өңірден келген түлектердің солтүстік өңірлердегі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға деген ынтасы жоғалту себептерінің бірі болды.
Сондықтан 2020-2021 жылдары жаңа талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмады. Бұл жобаны қаржыландырудың болмауына байланысты оқуға ниет білдірушілердің саны айтарлықтай қысқарғаны тағы да расталды.
Студенттердің көпшілігі артық қаражаты немесе жинағы жоқ, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларда өскендіктен, бүгінгі күні оларды жылы заттармен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы мәселе ең өзекті болып табылады. Өйткені көбінесе оңтүстік өңірлерден келген балалардың Қазақстанның солтүстігінің қатал қысы үшін жылы заттары жоқ. Сондай-ақ тегін ыстық тамақ ұйымдастыру, жол жүру ақысы қажет. «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін көптеген студенттердің табысы аз адамдардың мәртебесі туралы және т.б. растайтын құжаттары жоқ.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта жоғарыда аталған бағыттар бойынша өтемақы төлеуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жоқ.
Қосымша қаржыландырудың болмауы осы бағдарламаның өзектілігін жоғалтуға және студенттердің өз өңірлеріне қайтып кетуіне әкеледі. Осылайша, «Серпін» бағдарламасы орындалмайды.
Жыл сайын статистикаға сәйкес, еліміздің солтүстік облыстарынан 5 мыңнан астам адам басқа елдерге тұрақты тұруға кетеді. Біздің міндетіміз – ішкі ресурстар есебінен өңірлер бойынша халықтың қажетті балансын қалпына келтіру. Осы бағдарлама бойынша оқитын студенттерді қолдау жағдайында солтүстікте бекітілгендердің пайызы айтарлықтай артады.
Үкіметтің тапсырмасы бойынша білім және ғылым министрлігі жанынан «Серпін-2050» жобасын жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Осыған байланысты, жұмыс тобы шеңберінде келесі міндеттерді шешу бойынша мына шараларды іске асыру қажет:
– студенттердің Солтүстік Қазақстанның оқу орындарына түсуіне ынталандыру мақсатында «оңтүстік өңірлерден келген жастар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бойынша бір маманды даярлауға арналған шығындарды есептеу Тәртібін бекіту туралы» ҚР БҒМ 10.12.2014 жылғы №517 бұйрығының нормаларын қалпына келтіру;
– диплом алған мамандарды мемлекеттік тұрғын үй қоры және басқа да көздер есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы мәселені пысықтау;
– жұмыскерлер үшін әлеуметтік пакетті жақсартуды ескере отырып, жұмыс берушілердің ТжКБ (Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру) мекемелерінің түлектерімен өзара іс-қимыл тетігін ұсыну, ең алдымен, бұл жалақы деңгейіне қатысты. Бұл олардың жұмыс орнында шоғырлануын арттырады.
Нұржан Нұрсипатов,
Сенат депутаты