jasqazaq.kz

Серік Ахметов рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?

11 қантар 2017, 16:41

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовке қатысты рақымшылық бойынша жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы өтініш келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қарағанды облысы Абай аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Ардақ Жұмашевқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Серік Ахметов жазасын өтеп жатқан мекемеден «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолданысқа енгізілген күнінен бастап оның жазасының өтелмеген төрттен бір бөлігін қысқарту туралы ұсыным берді. Бас бостандығынан айыру органдары Ахметовтің өтініші бойынша қолдаухат жіберген. Өтініш бүгін келіп түсті. Іс сотқа жіберіліп, қарау уақыты белгіленеді», — деді А. Жұмашев.

Еске сала кетейік, 2015 жылы желтоқсан айында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы премьер-министр С. Ахметов пен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты іс бойынша үкімі шығарды. Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодқа сәйкес барлығы 21 адам айыпталған болатын. Сот талқылауы 2015 жылғы 10 тамызда басталып, төрт айға созылды. Сот тергеуі мен сот жарыссөздері 2015 жылғы 9 желтоқсанда аяқталды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты 2016 жылдың 14 наурызда жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетті. Соның ішінде Серік Ахметовтің жазасы 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылды.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті