Сенатордың сөзінде – жетімдердің жәудіреген көзі

18 қантар, 22:33

Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдырына кім жауапты?

Осындайда жиі еске түсетін бір аталы сөз бар. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?» Ахмет Байтұрсынұлының айтқаны бұл.
2004 жылы Арқалықтағы балалар үйінен бельгиялық әйел асырап алған қазір 22 жастағы Жәнібек (Эддижан Савельев) өткенде елге келіп, туған анасын шарқ ұрып іздеді. Сонда оған балам дейтін шеше табылмады. «Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді» дегеннің де дәлелін көргендей болдық. «Мені туған ананың мүмкін емес болмауы» дегендей күй кешкен сол Жәнібек анасын таппаған күйі қазір тұрып жатқан Испаниясына қайтып кетті.


Күллі қазақтың жүрегін елжіреткен, тіпті көзіне жас алдырған осы бір драмаға бергісіз жағдайды мысалға алған Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі бүгін биік мінберден өте орынды мәселе көтерді. Сөйтіп, премьер- министр мен бас прокурорға сұрақты төтесінен қойды.
«Еліміздің Бас прокуратурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы бізге беймәлім. Айталық, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма? Жауап күтетін сауалдар көп», – деді сенатор.
Ол Қазақстанның шет ел азаматтары асырап алған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 2010 жылы «Балаларды қорғау және баланы шетелдіктер асырап алуға қатысты Конвенцияны» ратификациялағанын еске салып өтті. Дархан Қыдырәлінің Оқу-ағарту министрлігінен алған мәліметі бойынша, сол Конвенцияға қол қойылғалы бері шетелдік азаматтар 158 қазақстандық баланы асырап алған. Соның ішінде 2013-2019 жылдары 157 бала шет ел асса, соңғы 4 жылда 1 бала жат жұртқа кеткен. Ал аталған құжатқа қол қойғанға дейін, 1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8805 баланы асырап алыпты. Олардың 5217-сі қазір кәмелет жасына толуына байланысты есептен шығарылған. Кәмелетке толмаған 3588 бала туралы есеп алынып тұрады екен.
«Өкінішке қарай есеп бермейтіндер де аз емес. Мәселен, Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар-ошар жоқ. Сол сияқты АҚШ-тағы 104, Бельгиядағы 113, тағы сол сияқты балалардың тағдырын білмейміз. Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге сатылғаны туралы мүлдем мәлімет жоқ… «Екі күймек бір жанға әділет пе?» деп Абай айтқандай, ата-анасынан айырылып бір күйген, еркінен тыс шетел асып екі күйген, есейгенде тегін таппай қиналып, үш күйген мұндай тағдырлар қаншама?» – деп күйінеді депутат.
Сөз соңында ол 1999 жылға дейін шетелге кеткен балалар туралы зерттеу жүргізуді, шетелдіктер асырап алған балалардың тегінен ажырамауына, әке-шешесін көріп тұруына қолдау көрсетуді, оларға тағы басқа жағдайлар жасауды ұсынды. Енді құзырлы органдар сенатордың сөзін жерге тастамай, қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, әрекет етсе игі.

Оразәлі Баймұрат

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу