jasqazaq.kz

Сенат баспасөз қызметі: Мәулен Әшімбаев қашанда халықпен тілдесуге ашық

13 тамыз 2025, 20:43

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы Абай облысында кең құлашпен атап өтілді. Бірақ той біткеннен кейін неше түрлі сөз көбейіп, «жаңғырығы» басылмай жатыр.
Әлеуметтік желіде таралған сондай бір «қызу талқылауға» бүгін Парламент Сенатының баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Рамазанов Фейсбуктегі парақшасына жазба жариялады. Мән-жайға түсінік берілген осы жазбаны оқырман назарына ұсынамыз:
«Соңғы күндерде әлеуметтік желілерде Абай тойына барған Сенат Төрағасы, Абай облысының әкімі, министрлер және салтанатты іс-шараға келген басқа да делегаттардың «қауіпсіздік шеңберімен» қоршалып жүргені туралы ақпарат тарағаны белгілі.
Осы мәселеге байланысты Абай облысының әкімдігі, әкім Берік Уәли, сондай-ақ, кеше министр Саясат Нұрбек түсініктеме берді. Расымен, мұндай әрекеттің мүлдем орынсыз екеніне ешқандай күмән жоқ. Біз аталған жайтты көрген бойда еріктілерден оны доғарып, басқа, маңызды істермен айналысуын сұрадық. Осылайша, бұл жағдай өте қысқа уақытқа ғана жалғасты.
Ал қалған уақытта біз киіз үйлер қалашығында еркін жүріп-тұрдық. Мерекеге келген кез келген адам Сенат Төрағасымен кездесіп, амандасып, пікірлескенін осы видеодан-ақ анық көруге болады. Ұзақ түсіндіріп жатқаннан гөрі, бір рет көрсетіп, мәселені осы жерден жапқан дұрыс деп ойлаймын.
Өкінішке қарай, кейбір желі қолданушылары он күн бойы аталып өткен дүбірлі тойды жалғыз осы келеңсіздікпен байланыстырып, «жерден жеті қоян тапқандай» жарыса жазып жатыр. Ал біз ойшыл өсиет еткендей, қалпымыз бен санамызды таза ұстасақ, жарқын сәттерге көбірек мән берсек, осы бір ұлағатты істен өнеге алсақ дейміз.
P.S. Жалпы, баспасөз хатшысы ретінде, басқа-басқа, дәл Сенат Төрағасының халықпен сұхбат құруға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, айтылған пікірді тыңдауға әрдайым ашық екенін атап өткім келеді. Бұл ретте ол ешқашан ешкімнен жалтарып көрген емес. Оны Мәулен Сағатханұлымен апта сайын кездесіп, сауалдарына жауап алып журналистер қауымы жақсы біледі».
Jas Qazaq

19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр