jasqazaq.kz

Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды

20 қыркүйек 2025, 17:42

Абай облысының орталығы Семей қаласында әр сенбі сайын «Северный» сауда-логистикалық орталығында (СЛО) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өтеді. Жәрмеңкелердің басты мақсаты — қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Қаланың оң жағалауында орналасқан «Северный» СЛО (мекенжайы: Северный өндірістік торабы, 2) – заманауи үлгідегі тұрақты сауда алаңы. Аталған орталықпен жасалған меморандум аясында 24 сауда орны тегін беріліп отыр, бұл өз кезегінде өнім бағасының төмен болуына ықпал етеді.
Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, яғни ет, сүт өнімдері, көкөністер, наубайхана бұйымдары мен жармалар ұсынылды. Бағалар нарықтағы бағадан төмен:
сиыр еті — 3500 тг/кг
тауық еті — 1500 тг/кг
бірінші сортты ұн — 180 тг/кг
нан — 150 тг
күнбағыс майы («Заречное») — 850 тг/л
сары май («Бородулиха ауданы») — 2800 тг/кг
картоп — 180 тг/кг
сәбіз — 200 тг/кг
пияз — 170 тг/кг
орамжапырақ — 190 тг/кг
қант — 490 тг/кг
жұмыртқа — 580 тг/ондық
қарақұмық — 250 тг/кг

Бүгінгі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті, 1000 кг картоп, 1000 кг пияз, 250 кг сәбіз, 250 кг орамжапырақ сатылып, халыққа ұсынылды.

Бұл көлем тұрғындардың жәрмеңкеге деген сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Семейліктер қолжетімді баға мен өнім сапасын оң бағалауда.
Қазіргі таңда Абай облысы әкімдігі қыркүйек-желтоқсан айларына арналған қосымша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кестесін әзірлеуде. Бұл күз-қыс мезгілінде де тұрғындарды үздіксіз әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері — бұл жай ғана сауда емес, халықтың әлеуметтік қолдау тетігі.

Сурет: сауда және интеграция министрлігі 

Бүгін, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?