jasqazaq.kz

Семейде оқушының тағамынан тышқанның терісіне ұқсас қыл-қыбыр шыққан (Видео)

22 қазан 2025, 9:13

Семейде су жаңа мектептің асханасында тіске басардан кеміргіш табылды дейді ата-аналар. 11-сыныптың оқушысы сатып алған тағамнан тышқанның терісіне ұқсас қыл-қыбыр шыққан, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Семейдің білім бөлімі санитарлық мамандар астың арасынан нақты не шыққанын анықтап жатқанын айтады. Алайда тазалыққа жауапты мекеме мектепте «тексеріс жүргізілген жоқ» деп отыр. Өйткені ата-аналардан арыз түспеген. Ал білім бөлімі санитарлар жалған сөйледі деп отыр.

Тышқан қосылған тоқашты 11 сыныптың оқушысы мектептің асханасынан сатып алған. Бір тістегенде тіліне қыл-қыбыр жабысқан. Денесі түршігіп, жиіркеніп қалған ол, бірден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлапты. Алайда мектеп ұжымы бұл мәселені сыртқа шығармауға тырысқан дейді ата-аналар. Ата-аналардың айқайынан кейін білім бөлімінің мамандары сараптама тобын құрып асхананы тексерген. Тіпті мектептегі бақылау камераларында астан жүн тапқан оқушының «асханаға кіргені көрінбейді» дейді. Дегенмен санитарлық дәрігерлерді шақыртып, тексеріс жүргізіп жатқанын жеткізді.

Руфия Файнуллаева ,Семей қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі: — Бүгін осы мектептегі тамақ дайындау технологиясын СЭС мамандары бақылап жұмыс істейтін болады. Заң бұзуға жол бергені анықталса, кінәлі адамдар жазаланады. Олар кеше де, бүгін де жұмыс жүргізіп жатыр.

Алайда санитария-эпидемиологияны қадағалаушы мамандар білім бөлімінің өтірігін шығарды. Олар мектеп асханасында тексеріс түгілі, тіпті бармағанын айтады. Себебі: тағамнан тышқан шықты деп ешкім арыз жазбаған.

Шыңғыс Чокушев, Семей қаласы санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы: — Статистика бөліміне тексерісті тіркеу жөнінде бүгін ғана беріп отырмыз. Себебі бізге бүгін ғана шағым түсіп отыр. Оның өзінде біз арызданушыға тікелей хабарласып, оның құқығын түсіндірдік. Өтініш түсіруге құқығы бар екені түсіндіргенен кейін ғана шағым түсіп отыр.

Осылайша мамандар тексеріс жүргізу туралы өтініш берушіні өздері тауып алған. Енді білім ошағының асханасын жоспардан тыс мұқият тексермек ниетте. Ал оқушылардың базынасын бұғып қалған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөгіс жарияланды.

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)