Семей қашан қала болды?

01 қазан 2021, 11:33

Семейдің қала мәртебесін алғанына қанша жыл болды? Дәл осы сұрақ қазір шығыстағы өлкетанушылар мен тарихшылардың бас ауруына айналды. Себебі Семейде жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісі қала күні тойланады. Бірақ шаһардың алғашқы іргетасы қашан қаланғанын ешкім нақты айта алмай отыр. Бірі әскери қамал «Семьпалат»-тың іргетасы қаланғанда қала болды десе, енді бірі одан әріде Қимақ-Қыпшақ мемлекетінің астанасы болғанын алға тартады. Қос тарап осылай қырық пышақ болып жүргенімен, жергілікті билік қаланың жасын анықтауға асығатын емес.

Ертіс сағасында жатқан Семейдің көне қала екені бесенеден белгілі. Ғұндар мен көне түркі заманын былай қойғанда, кезінде Қимақ-Қыпшақ мемлекетінің астанасы болған. Сондықтан тарихшылар мен зерттеушілер шаһар тарихын осы тұстан санаған жөн дейді. Олардың айтуынша, Қимақ қағанаты құлағанымен, Ұлы Жібек жолының бойына тұрғызылған астанасы бәз қалпында сақталыпты. Оны дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер де, жазба мағлұматтар да жеткілікті көрінеді.

Тарихшы Асан Омаров былай дейді: «840 жыл. Бұл тарихта белгілі дата. Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде болған ұйғыр қағанаты құлады. Сонда үлкен тайпалар жан-жаққа кетті. Оның жеті тайпасы Ертістің жағасына келді. Семейдің тарихын сол кезден санаған жөн».

Жергілікті тарихшылар шаһардың қала мәртебесін алғанына 1150 жыл болғанын айтады. Бірақ мұнымен өлкетанушылар келіспей отыр. Олар Семей 1718 жылы қала атанды деп отыр, яғни оң жағалауда І Петр патшаның жарлығы бойынша әскери қамал «Семьпалат-тың» іргетасы қаланған. «Сол заманда керілген қой терісіне жасалған қаланың гербі белгіленген екен. Онда кәдімгі жеті ғимарат (палата) бейнеленіп, содан бері біз орысша айтып жүрген Семипалатинск атанып кеткен», – дейді өлкентанушы Павел Жуков. Сөйтіп ол сөзін былай жалғастырады: «Біздің қалаға 303 жыл. 1781 қала мәртебесін алған. Осы тұстан санап қала күнін бекітіп тойлаған жөн. Арғы дәуірден санауға болмайды. Ол кезде бұл өлкеде халық тұрғаны ақиқат.

Біз жергілікті билікке қанша мәрте өтініш жасадық. Топ құрып, тарихын зерделеп қала күнін нақты бекітіп беріңдер деп. Бірақ әлі үнсіз жатыр.

Осылайша, өлкетанушылар мен тарихшылар шаһар тарихын нақтылауда бір тоқтамға келе алмай отыр. Олар неше рет хат жолдағанымен, жергілікті билік үнсіз. Атқамінерлер қала күнін әр жылдың қыркүйек айының соңғы жексенбісіне белгілеп қойған. Әйтсе де, қала мәртебесін алғанына қанша жыл болғанын нақты ешкім білмейді. Сондықтан әкімдік өкілдері арнайы топ құрып, Семейдің құрылған жылын анықтамақ ниетте екен.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Айбек Самат: «Қаланың жасын анықтау мәселесі бойынша санақ жүргізетін топ құруды ұсынамыз. Оның құрамына тарихшылар, өлкетанушылар және археологтар, басқа да мамандар кіруі қажет. Жергілікті билік барлығын қабылдауға дайын», – дейді.

Демек небір ұлылар туылған топырақтың қала болып құрылғанына қанша жыл болғаны алдағы уақытта анықталады. Бір анығы, бұл шаһардың тарихы тереңде жатқаны белгілі. Тіпті «Қобыланды» эпосында «Ертістің жағасында қос қала бар, оның бірі сырлы қала, енді бірі қырлы қала» дегені Семейдің сол тұста шаһар болғанын меңзейтіндей. Сондықтан тарихшылар мұрағаттар мен қолжазбалардағы деректерге сүйене отырып, қаланың 1150 жыл бұрын құрылғанын дәлелдеп көрмекші. Тіпті қала таңбасын жаңартпақ ниетте екен.

Диас Нұрақын

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?