jasqazaq.kz

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

04 желтоқсан 2017, 17:39

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты. 4 желтоқсанда Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының үкімімен Матаев шартты жазамен мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды Today.kz.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА 155/14 колониясынан босап шықты. Түзету мекемесінің алдында Матаевты жұбайы Баян Рамзанова күтіп алды.

«Сейітқазының шыққанына қуанамыз, бірақ Әсет әлі ана жақта, ана ретінде қатты уайымдаймын. Ол да жақын арада босап қалар», — деді Баян Рамазанова.

Сейітқазы Матаевтың жақындары Жоғары сотқа аппеляциялық шағым түсіреді. Олар Матаевтың атын қайта қалпына келтіруден үмітті.

Айта кетейік, Қапшағай қаласының соты 16 қарашада Сейітқазы Матаевтың өзін мерзімінен бұрын шартты жазамен босату туралы өтінішін қарап, оны түрмеден босатуға шешім шығарды.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда