jasqazaq.kz

SEA-TEP бағдарламасы — ауқымды өзгерістердің үлгісі

13 тамыз, 14:57

Екі жылдық SEA-TEP бағдарламасының сәтті аяқталуына орай Қазақстан STEM саласындағы мұғалімдерді оқыту саясатын өзгертуге мүдделі.

Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия мұғалімдерін оқыту бағдарламасын (SEA-TEP) табысты жүзеге асыру арқылы білім беруді трансформациялауға бейілділігін көрсете отырып, STEM мұғалімдерінің білімін арттыруда шешуші қадам жасауда. SEAMEO STEM-ED бастамашылығымен және «Шеврон» компаниясы қаржыландыратын білім беру бастамасының қолдауымен Қазақстан, Таиланд, Камбоджа, Индонезия және Малайзияны қамтитын аймақтық бастама әр елдің мұғалімдерін оқытудағы мәселелерін шешуге және жоғары сапалы STEM білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстанда бұл бастаманы «Caravan of Knowledge» («Білім керуені») білім қоры Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен серіктесіп, және де «Jana Talap» бағдарламасымен ынтымақтаса отырып, ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) мұғалімдерін заманауи педагогикалық біліммен қаруландыруды және ХХI-ғасырға сай жабдықталған сыныптармен қамтамасыз етеуді жүзеге асырды.

Оңтүстік-Шығыс Азияда білім беру жүйелері мұғалімдерді даярлау мен оқытудағы сындарлы қиындықтарға тап болуда, соның ішінде жоғары сапалы мұғалімдік қызметке дейінгі алдын-ала дайындыққа қолжетімділіктің шектеулігі, пәнаралық интеграцияның жеткіліксіздігі және тиімді оқыту құралдарының жетіспеушілігі. Осы жүйелік олқылықтарды жою арқылы қарқынды өзгеріп жатқан әлемдік талаптарға сай келетіндей, жалпы аймақ бойынша жоғары сапалы STEM білім беру жүйесін жақсарту мүмкіндігіне ие боламыз

Қазақстанның STEM білім беру жүйесі таңдалған пәнге басты назар аударумен қатар студенттерге пәнаралық білімге көңіл бөлу мүмкіндіктерін шектейді; бұл әсіресе орта мектептердің жоғары сыныптарында мамандық бойынша пәндерді таңдағаннан кейін қатты байқалады. Мұғалімдер STEM сабақтарын өткізу шеберліктерін арттыра отырып, бұл түйіннің шешімін таба алады. Айтар болсақ, студенттер нақты өмірден алынған құбылыстармен таныса келе, пәндер бойынша практикалық яки қолданбалы дүниелерді жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік алады. SEA-TEP мұғалімдерді дәл осы мақсатқа арналған оқыту стратегияларына үйретеді, сондай-ақ оларды кәсіби дайындыққа қатысуға ынталандырады.

SEA-TEP интервенциялары тиімді стратегиялар мен цифрлық құралдарды біріктіретін белгілі бір феноменге негізделген тақырыптық STEM сабақтарының дамуын қамтамасыз ете отырып, мұғалімдік қызметке дейінгі және мұғалімдік қызмет барысындағы оқытушылардың біліктіліктерін арттыратын инновациялық нұсқаулық тәжірибелермен таныстырады. Бұл тәжірибелер ЭЫДҰ-ның PISA 2025 Ғылыми құрылымымен үйлесімділік табады.

SEA-TEP Америка Құрама Штаттарының Келешек ұрпақ ғылыми стандарттарына (NGSS) негізделген оқу материалдарын қолданады, сонымен қатар жергілікті сыныптағы жағдайды есепке алады, сөйтіп, STEM оқу бірліктерін үйлестірудің маңыздылығын көрсетеді. Қатысушылар «тұжырым-дәлел-негіздеме» (CER) үшбұрышын және модельдеу әдістерін пайдалана отырып, сабақ жоспарларын құрастыруды үйренеді. Бұл тәсілдер студенттерге PISA бойынша бағаланатын құзіреттіліктерді қалыптастыратын инновациялық оқу бағдарламасын енгізу арқылы дәлелге негізделген пайымдаулар мен сыни ойлауды дамыта отырып, материалдарды жай жаттап алу әдісінен арылуға көмектеседі.

SEAMEO STEM-ED бағдарламасының директоры, доктор Кессара Аморнвутиворн:

«SEA-TEP моделі ұлттық және аймақтық байланыс пен ынтымақтастық арқылы мұғалімдердің білімін нығайтуға құрылымдық көзқарасты қамтамасыз етеді. Білім беру көшбасшыларының әлеуетін арттыру арқылы SEA-TEP STEM білім беру жүйесін дамытудағы масштабталатын үлгіні алдыға тартады. SEAMEO STEM-ED бес елдің жобаны жүзеге асыру тобымен бірлесе отырып, жоғары сапалы оқу құралдарын қолданысқа енгізу арқылы STEM оқу әдістемелік тәжірибесін кеңейтумен айналысты. Бағдарлама аясында 24 университеттен және мұғалімдерді оқыту мекемелерінен 120-дан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Аталмыш білім ордаларының оқытушылары 1500-ден астам қызметке дейінгі және қызмет барысындағы оқыту жүргізіп, 214 мектеп мұғалімдерімен алған білімдерімен бөлісті.   SEA-TEP  қатысушы елдер арасында  STEM жүйесінің оқыту стандарттарын жақсартуға ат салысуда; оқу орындары мен мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейте отыра, мұғалімдерді оқыту мен дамытудағы аймақтық ынтымақтастықтың перспективалық үлгісін ұсынады».  

Дерек Магнесс, Шеврон компаниясы Еуразия бөлімшесінің президенті: «Қазақстанның SEA-TEP арқылы STEM мұғалімдерін оқытудағы көшбасшылығы стратегиялық ынтымақтастық пен халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын айғақтайды. «Шеврон» компаниясы мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтетін және студенттердің әлеуетін арттыратын бастамаларға қолдау көрсететіндігін мәртебе тұтады. SEA-TEP-тің Қазақстанда табысқа жетуі серіктестік, жаңашылдық пен кәсібилік бас қосып, болашақ білім беру жүйесін қалыптастыра алатындығының айқын көрінісі боп табылады. Маңыздысы, бағдарламаның халықаралық ынтымақтастыққа назар қоюы белсенді оқу ортасын қалыптастырады – мұғалімдер өздерінің озық тәжірибелерімен бөліседі, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, әлемдік стандарттарды қолданады және аймақтағы STEM білім беру жүйесін дамытуға бірлесе ат салысады».

SEA-TEP бағдарламасының табысқа жетіп, мерейінің үстем болуы жалпы Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша STEM мұғалімдерін оқыту саясатының қалыптасуына күшті серпін беретін негіздеме боп табылады. Қазақстанда оқыту курстары Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Уәлиханов университеті) қабырғасында, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары болып табылатын университет оқытушыларының педагогикалық тәжірибесімен қатар, «Jana Talap» бағдарламасының тәжірибелі мұғалімдерінің біліктіліктерімен қосарланып жүргізіледі. Онлайн кәсіби оқыту қауымдастықтарда (PLC) белсенді қатысу арқылы мұғалімдер өзара білім алмасады, сабақ жоспарларымен, микро-жобалармен және өзара кері байланыспен бөліседі. Сонымен қатар, SEA-TEP Білім министрлігімен және Ұлттық білім академиясымен серіктес болғандықтан, оқыту мемлекеттік аккредиттелген және қатысушы мұғалімдер бағдарламадан өту барысында кредиттерді жауып, сәтті аяқтаған соң кәсіби сертификат алады. Оның үстіне, SEA-TEP серіктесі «Caravan of Knowledge» білім қоры орта мектептерде пәнаралық оқыту жүйесін дамыту үшін ұлттық білім беру стандарттарын қайта қарау және STEM сертификаты бар мұғалімдердің ұлттық реестрін құру бойынша талқылауларға қатысу арқылы STEM саласындағы білім берудің ұлттық саясатын реформалауды насихаттауда маңызды рөл атқарды. Бұл саясат бағыттары SEA-TEP моделі бүкіл Қазақстан бойынша STEM саласындағы мұғалімдерге білім беруді жүйелі реформалаудың стратегиялық құралына айнала алатындығының айқын көрініс болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова: «SEA-TEP бағдарламасы нәтижелі халықаралық ынтымақтастық пен білім берудегі ауқымды өзгерістердің үлгісі болып табылады. Мұндай бастамалар жаңа үлгідегі мұғалімдер қызметін тексеріп көруге, ұлттық деңгейде озық тәжірибені бейімдеуге және оны кең ауқымда таратуға мүмкіндік береді. Қатысушы елдердің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтаған мұғалімдерді оқыту модульдері STEM білім берудің методологиялық әдіс-тәсілдерін дамытуда және жалпы STEM білім беру жүйесін трансформациялауда үлкен үлес қосты.

Қазақстан Республикасының Білім министрлігі өзінің стратегиялық серіктестеріне білім берудегі практикалық және кросс-функционалды тәсілдерді дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдіреді», — дейді.

Аймақтық тәжірибе алмасу және қайта бағалау сессияларынан кейін SEA-TEP-тің ақтық кезеңі енді негізгі зерттеу тұжырымдамаларын біріктіруге, үздік тәжірибелерді жинақтауға ден қойып, тұрақтылықты үгіттеуде пен саясатты қалыптастыруда ұзақ мерзімді стратегиялар жайында ақпараттық насихаттауға бағытталмақ. SEA-TEP бағдарламасының жеткен жетістіктері Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қазақстанда және басқа да елдерде STEM мұғалімдеріне жоғары сапалы білім  беруді дамыту жолында септігін тигізуді жалғастыруда.

Айдос Смаилов

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда