jasqazaq.kz

Сауытбек Абдрахмановтың «Алып Абай. Конгениальность. Congeniality» кітабының тұсаукесері өтті

06 желтоқсан 2025, 17:30

Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың «Алып Абай. Конгениальность. Congeniality» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл кітап тұтастай Абайдың аудармашылық мұрасына арналған тұңғыш еңбек. Кітапта Пушкин, Лермонтов, Крылов, Гете, Байрон, Шиллер, Мицкевич, Бунин, Дельвиг, Полонский секілді әлем әдебиетінің классиктерінен жасалған Абай аудармалары толық қамтылып, бірде-бір өлең назардан тыс қалмаған.
Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Кітапта Абай шығармашылығының әлемдік әдебиетпен үндестігі, көркемдік табиғаты мен рухани миссиясы жан-жақты зерделенген.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Сенат және Мәжіліс депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, зиялы қауым, танымал қаламгерлер, абайтанушылар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
JQ-Aqparat
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді