jasqazaq.kz

Саудада достық жоқ

01 сәуiр 2025, 19:13

 

Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея үшеуі бірігіп, Трамптың тарифіне тойтарыс беретінін мәлімдепті. Мұндай сенсациялық жаңалықты Reuters ақпарат агенттігі жариялады. Сенсация дейтініміз, алысқа бармай-ақ қояйық, бір жыл бұрын жапон мен күнгейдегі кәріс айбатын айға білеген Америкаға қарсы қабағын түйгенін елестетудің өзі қиын еді. Оның үстіне, АҚШ-тың саясатта number one (нөмірі бірінші) қарсыласы, сауда-саттықта бітіспес бәсекелесі Қытаймен қол ұстасып, азуын көрсетсе.
Күні кеше амалсыз амандасатын ымырасыз көршілерді біріктірген қандай күш дейсіз ғой. Ол, әрине, керек жерде саяси көзқарасты бір шетке ысырып тастайтын экономикалық мүдде. Тарқатып айтсақ, Ақ үй әкімшілігі 2 сәуірден бастап импорттық тауарларға жаңа салық мөлшерін белгіледі. Бұл ереже Жапония мен Оңтүстік Кореяны да қамтиды. Енді үш ел арасындағы уағдаластыққа сәйкес, қытайлар электронды бұйым жасауға пайдаланатын микросхеманы көршілерінен алады. Ал жапон мен кәріс мұның орнына жартылай өткізгішке қажет шикізатты Аспан асты елінен тасымалдайды.
Батыста тонның ішкі бауындай болған, тала тығырықта тіл табысқан одақтастардың бұлай шала бүлінуіне не себеп? Сарапшы қауым осы сауалға жауап іздеп әлек. Ал нарық қатынастарын бір ауыз сөзбен сипаттайтын қазекең мұның сырын әлдеқашан айтып қойған: Саудада достық жоқ!
Срайыл Смайыл

Сурет: The Standard

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге