jasqazaq.kz

Сауатсыз болып қалмайық!

07 ақпан 2020, 11:06

Елімізде білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істей бастады. 2016-2019 жылдарға арналған бұған дейінгі бағдарламаның орындалуы 92%-ға бағаланды. Мұндай бағалау 12 индикаторға, 71 көрсеткішке негізделген. Іс-шаралар саны бойынша бағдарлама 100% орындалды.
Иә, қағаз жүзінде бәрі орындалды. Бірақ негізгі мақсатқа қол жеткіздік деп айта аламыз ба? Негізгі мақсат деп отырғанымыз мыналар: білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрақты экономикалық өсу үшін адами капиталды дамыту.
Адами капиталды дамыту, бірінші кезекте, әсіресе жас ұрпақтың сауаттылығын арттыру деген сөз. Ал қалған индекстер мен көрсеткіштер тек көмекші құрал болып қана табылады.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелерін жақсартуды мақсат етті. Сонымен, студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасында (PISA) еліміз 40-45 орында тұруы керек еді. Бұл – негізгі көрсеткіш. Өйткені, ол студенттердің математикалық, ғылыми, оқу сауаттылығындағы іргелі дайындығын бағалайды.
Соңында бәрі мемлекеттік бағдарламаны мерзімінен бұрын тоқтатумен аяқталды. Оның орнына 2016-2019 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылданды. Аталған бағдарламада біз тілге тиек етіп отырған мақсатты индикаторлар алынып тасталды. Соңғы рейтингтің қорытындылары бойынша, біздің нәтижелер айтарлықтай нашарлады. Қазақстан математика бойынша 78 елдің ішінде 54-орында, ал жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша 69-шы орында тұр.
Оқушылардың ақпараттық және компьютерлік сауаттылығы (ICILS), ересектердің сауаттылығы (PIAAC) бойынша да соңғы орындарда тұрмыз. Шындығына келсек, адами капиталды дамытудың орнына кері процесс жүріп жатыр. Сауаттылық төмендеуде. Ауылдық жерлерде де, өндірісте де жас мамандарды даярлау деңгейінің төмендеуі ең өзекті мәселеге айналды.
Адам капиталының экономиканың тұрақтылығына қосатын үлесі туралы айтудың қажеті шамалы. 2019 жылы Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде 2018 жылмен салыстырғанда 5 позициядан айырылып, 79 орынға тұрақтады.
Тарихи тұрғыдан Қазақстанның артықшылығы біліктілігі жоғары еңбек ресурстары, халықтың жалпы сауаттылығы болды. Біз осыны жоғалтып алдық. Осылайша мемлекет дарынды жастардың шетел асуын өздері ынталандырып отыр. Білім беру жүйесіндегі деградация ауқымын көріп отырған ата-аналар балаларын шетелге оқуға жіберіп жатыр. Біз әрбір отбасы үшін маңызды құндылықтардың бірі болған білім беру жүйесін құлдырату арқылы болашаққа балта шауып отырмыз.
Орташа жалақы мөлшері бойынша әлемде 74 орында тұрмыз. Сауаттылық жағынан да осындай деңгейдеміз. Білім мен ғылымға жұмсалатын шығындардың үнемі өсуіне қарамастан, біз арзан және біліктілігі төмен жұмыс күші басым елге айналып барамыз. Шындығында, біз үздік отыздыққа кірудің орнына дамушы елдердің қатарынан төмен қарай жылыстап келеміз. Бұл дабыл қағарлық үрдіс. Сондықтан фракция білім беруді дамытуға арналған екі бағдарламаның негізгі мақсаттарының орындалмағанын шынайы түрде мойындап, сауаттылықтың төмендеуі мен жалпы білім сапасының нашарлауын тоқтататын дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеуді бастау керек деп есептейді.

Айқын Қоңыров,
Мәжіліс депутаты

21 қазан, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
21 қазан, 17:56
Қазақстанның бітімгершілік миссиясының шежіресі
21 қазан, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі
20 қазан, 15:45
Уран өндірісінде заманауи технология мен инновацияның маңызы зор
17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті