jasqazaq.kz

Сәтбаевта мас күйінде жедел жәрдем көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

19 қыркүйек 2022, 14:06


Сатпаевта мас күйінде жедел жәрдем көлігін айдап кетіп, жол апатына ұшыраған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 18 қыркүйекте болған. Таңғы сағат 5.30 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу медициналық мекеменің көлік тұрағында тұрған жедел жәрдем көлігін айдап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, дәрігерлер кезекті пациентін ауруханаға жеткізген. Жүргізуші фельдшерлерге науқасты қабылдау бөліміне алып кіруге көмектесіп жатқанда, белгісіз біреу жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, қызметтік көліктің кабинасына кіріп, оны оталдырып, айдап кеткен.

«Сәтбаев қаласының ПБ патрульдік полиция взводының жасағы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Бұл әрекетке 32 жастағы ер адам барғаны анықталған. Ол айдап кеткен көлікті басқара алмай, жолда аударылып қалған. Оның үстіне қаскүнем мас күйде болғаны анықталды, оны медициналық куәландыру растады», — деп хабарлады Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік материал рәсімделді, бұдан басқа ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ