Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

08 қараша 2023, 16:07

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ қазақтың спорт және туризм академиясы мен «Қазтұтыну» одағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы – философия, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтанушы.
Сәрсен Абайұлы еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2003–2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында еңбек етті.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу