jasqazaq.kz

Сарбаз желін шығарғаны үшін таяқ жеген (Видео)

21 қыркүйек 2022, 10:02

Жел жібергені үшін соққыға жығылған. Ақтөбедегі әскери бөлімде борышын өтейтін сарбаз жағымсыз иіс шығарғаныма жазықты болып жазаландым дейді. Басынан қатты соққы алған Алдияр Кеңесбек қазір үйінде емделіп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сержанттың кесірінен ұлым кем болып қалды деген ата-ана бауыр еті баласына қиянат жасаған әскери қызметкерді қатаң жазалауды сұрайды. Әрі Отан алдындағы борышы толық өтелмегеніне қарамастан, ұлын әскерге қайта жібергісі жоқ.

Әскерге он екі мүшесі сау кеткен Алдияр Кеңесбектің қазіргі жағдайы ауыр. Тепсе темір үзетін азамат үш айда төсектен тұра алмайтын хәлге түскен.

Туыстары оны Ақтөбедегі 6655 әскери бөлім сержантының соққысы осындай кеселге душар еткен дейді. Қазір 18 жастағы азамат үйінде емделіп жатыр. Ол маусым айында Тараздан әскери борышын өтеуге барған. Жәбірленуші жатар алдында казармада жел жіберіп қойған. Сол үшін сержанттан оңбай таяқ жедім дейді.

Алдияр Кеңесбек, 6655 әскери бөлімінің сарбазы:

— Жай осырған үшін бәрі «фуй» деп кетті. Басқа жаққа барып тұрғанмын. «Кім осырды?» еді? «Мен» — дедім. Ана жерде тұрған, сонымен басымнан ұрды. Ары қарай есімді білмеймін, талып қалдым. Санитарлық бөлімге апарды, сол жерден есімді жидым.

Жас жауынгер аяғынан тұра алмайтын хәлге жеткен. Бірақ осы қиын жағдайымен ол екі ай сүйретіліп, ақыры ауруханаға жатқызылыпты. Сол жерден белгісіз біреу науқастың туыстарына хабар берген. Ақтөбеге шұғыл жеткен әкесі ұлын Таразға алып қайтады. 7-қазанда емдеуге берілген демалыс мерзімі аяқталып, Алдияр қайта оралуға тиіс. Бірақ әкесі ұлын жібергісі жоқ.

Кеңесбек Әбдірайымов, А.Кеңесбектің әкесі:

— Қайтіп жіберемін? Өткенде мен бармағанда баланың өлігін әкеледі екенмін, шынын айтқанда.

Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімі жағдайға қатысты ресми түсініктеме бермеді. Есесіне, әскери прокуратура «қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалғанын мәлім етті.

Жандарбек Спан, Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры:

— Әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімімен ҚР ҚК 451-бабы,1-бөлігімен тергеп-тексеру басталды. Қазір тиісті шұғыл тергеу жүргізіліп жатыр. Медициналық сараптама тағайындалды.

Кеңесбек Әбдірайымов ұлы кемтар болып қала ма деп қауіптенеді. Ол баласына әлімжеттік жасаған әскериді ешқашан кешірмеймін дейді. Сондықтан оны бұл саладан аластатып қана қоймай, қатаң жазалауды талап етеді.

21 маусым, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін