Сара Тоқтамысова: Тұсаукесерге ақша алмаймын

09 қазан 2023, 10:54


Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова көпшіліктің сұрауы бойынша қыз ұзатып, тұсау кеседі.
«Кішкентай сәбилерін алып келеді. Алдыңнан жібін алып шығып тұрғанда мен қалай “ақшаға” деп кеудесінен итеремін. Көбіне жекеме жазады. Мен уақытын, қайда келу керегін айтамын. Сол жерде кесіп беремін. Егер басқа қалаға шақырып, үлкен той жасап жатса, көлгірсіп өтірік айтпай-ақ қояйын. Бірақ маған ондай ұсыныс түскен жоқ. Оның үстіне басқа қала болған соң, біз селтеңдеп жүрген жас қыз емеспіз ғой, бала-шаға бар», – дейді.
Сондай-ақ ақын қазір қыздарды да жиі ұзатып жүргенін жасырмады.
«Негізі мен әншілікті кәсіп қылсам, бәрі басқаша болатын еді. Бастапқыда мен «Алақаннан ұшқан аққуым” әнімен туған сіңлімді ұзаттым. Араға тура екі ай салып, бір кісілерден ұсыныс келді. «Сенің жолыңды берсін деп ырымдап отырмын. Жалғыз қызым. Ұзатып бере қойшы»,- деді. Содан «Ақеркем» деп сөзін жазып, Асқар Жайлаубаев деген бауырым жедел түрде ән шығарып берді. Сөйтіп бір рет қыз ұзатып едім, әншілерге бәсекелес болып шыға келдім”, – дейді айтыскер күліп.
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді