Сара Амангелді: Жігіттер бір құшақ гүл алып беруге жарамайды

06 қыркүйек 2023, 15:31


Әнші Сара Амангелді әлеуметтік желіде жігіттердің болашақ әйел таңдаудағы тым талапшыл екені туралы сөз қозғады.

«Маған қатын болатын қыз керек. Жігіттерге нәзік, шетел көрген, оқыған, әдемі қазақ қызы керек екен. Таза, әке-шешесіне қарайтын қыз іздейді. Өздері бір құшақ гүл алып беруге жарымайды. Жігіттерге қарасам, күлкім келеді. Бұрын мен өзім ұнататын жігітке қарызға алып, анамнан «қыдырамын» деп ақша алып, ол ақшаны жинап, белдік сыйладым. Ол маған «рахмет» деп қана айтты. Не гүл бермейді. Мен оны қатты жақсы көрдім, көп нәрсе жасағым келетін. Бірақ соңында дұрыс істемеген мен кінәлі болып шықтым. Осыдан кейін «Кім кінәлі? Ол ма, әлде мен бе?» деп ойланып қаласың», – дейді.

«Алладан қорықсаңдаршы. Біз ертеден кешке дейін сендердің керектеріңді тауып беріп жатырмыз. «Ана жігіт былай айтты» деп келесіңдер. Құрып кетсін ол жігіт. Сен – менің қызымсың. Істейтін адам істейді. Оған басыңды ауыртпа», – деп айтты. Одан кейін біз үшін олардың жүрегі ауырады. Мені пайдакүнем деп ойлап қалмасын деп ойлайтынмын», – деді
Сондай-ақ ол әйелдеріне опасыздық жасайтын еркектер туралы да сөз қозғады.

«Отбасы, бала-шағасы бар еркектердің арасында уақыт өте келе «қолынан түк келмейді, сезімім суыды» деп айтатындар бар. Әйелін тұмшалап, намаз оқытып, үйде отырғызып қояды. Бірақ өзі ұятсыз қыздарға жазатын қаншама жігітті көргенмін. Әділдік қайда? Ұят болу керек», – дейді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді