jasqazaq.kz

Сапасыз жанармай әскери ұшақтың құлауына себеп болуы мүмкін

22 желтоқсан 2016, 17:09

Кеше түнгі оқу-жаттығу кезінде Су-27 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Сенат депутаты, бұрынғы Қорғаныс министрi Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, ұшақтың құлауына жанармайды дайындаудағы олқылықтар себеп болуы мүмкiн, деп хабарлайды.

BNews.kz хабарлағандай, «бұл сирек болатын жағдай. Қозғалтқыштың екеуiнiң тоқтауы бұрынғы кезбен салыстырсақ болмайтын жағдай деуге болады», — дейдi М.Алтынбаев.

Бұрынғы Қорғаныс министрi ұшқыштың дайындығы жақсы екенiн атап өттi.

«Ұшқыштың дайындығы жақсы екен. Екi қозғалтқыш тоқтағанда, саспай, ұшақты елдi мекеннен алып кеттi. Басқарылмай қалғаннан кейiн, ұшақты тастап, секiрген. Аталған күрделi жағдайда нұсқаулық бойынша дұрыс iс-қимыл жасаған. Ұшқыш аман қалды», — дейдi депутат.

Сенатордың айтуынша, әуе апатына жанармай жүйесi немесе жанармайды дайындаудағы олқылықтар себеп болуы мүмкiн.

«Өйткенi қыста жанармайды дайындаудың өз ерекшелiктері бар. Осы жұмыс бәрi жасалды ма, жоқ па — осының бәрiн тексеру керек. Ұшақтарды да, жанармайды да тексеру қажет», — дедi М.Алтынбаев.

Оның сөзiнше, Су-27 алдыңғы қатарлы ұшақтардың бiрi. Сондықтан бағасы да арзан емес. Бүгiнде Қазақстанда осындай 30-дан астам ұшақ бар. Әуе апатына байланысты республикада барлық әскери ұшақтар уақытша тоқтатылып, тексерiс жүргiзiледi.

Естерiңiзге сала кетейiк, 21 желтоқсанда түнгі оқу-жаттығу кезінде Су-27 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Талдықорғаннан шамамен 25 шақырым жерде құлаған. Ұшқыш майор Әдiлбек Ысқақов бар мүмкіндігін салып, ұшақты елді мекеннен аулаққа алып кетіп, өзі катапультпен секіріп кеткен.

Қазіргі уақытта ұшқыш ауруханада, оның жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның себебі мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтап жатыр.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті