«Самғаудың» үздіктері анықталды

28 қыркүйек 2023, 13:44

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика саласы бойынша білімін шыңдауда. Қатысушылар ақпарат, мақала жазуға, сұхбат алуға төселіп келеді. Оқырман назарына курсқа қатысушы Фариза Мақсұтқызының жазбасын ұсынамыз.

 

Алматыда жыл сайын өнерлі балаларға арнап ұйымдастырылатын «Самғау» республикалық ән-би өнер байқауы мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген  қатысушылар өз өнерімен жиналған қауымды тәнті етті.

Қаладағы ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған «Самғау» республикалық ән-би байқауы өте жоғарғы деңгейде өтті. Қатысушылар  хореография, көркем сөз, қолөнер, сурет, вокал, аспапта ойнау, дәстүрлі ән жанрлары бойынша өнер көрсетті. Соның ішінде вокал жанры бойынша «Самалтау» әнімен ерекше көзге түскен — Түркия елінде өткен «Ата түріктер» атты конкурста бас жүлде алған, Самғаудың бірнеше рет бас жүлдені қанжығасына байлаған жас өнерпаз Омар Қанапия. Жетекшісі — Сая Махамбет. Ал дәстүрлі ән жанры бойынша Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледж студенті Нұрбек Қабылов бас жүлдені иеленді. Дәстүрлі ән номинациясы бойынша топпен өнер көрсетуде «Тобылғы сай» әнімен бас жүлдені  Сардар Нұрқазы, Дидар Нұрқазы, Көгершін Нұрқазы, Сағадат Дүйсен, Айшуақ Ерлікқызы еленді. Вокал жанры бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарабұта ауылы, Қарбұта мектебінің оқушысы  Саяжан Серікханның жанды дауысы көрермендерді тәнті етті.

«Парасат әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-нен  келген ерекше балалар Әлихан  Көшербаев,  Нұржан Кәріпбаев қолөнерімен таңғалдырды. Бас жүлде мен 1 орындарды иеленген бұл балалардың қуанышына көрермендер де ерекше қуанды.

«Самғау» республикалық ән-би өнер байқауының ұйымдастырушы әрі директоры   Индира Мәліккызы ханым өз естеліктерімен бөлісті.

«2019 жылдың 19 ақпанынан қолға алынған бұл жоба бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.  «Самғаудың» түпкі мақсаты — шет жақта қалып қойған өнерлі балаларды, білімді жетекшілерді жарыққа шығару. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өнерлі балаларымызды да байқауға қосып, мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдеп, қоғамға қосу. Ұстаздар арасындағы байқауда Түркістан облысы Мақтарал ауданы, Арайлым ауылының ұстазы Абдулла Қызықұлов мырзаны ерекше атап өткім келеді. Өзінің жеке туындыларымен қатысып, «Үздік ұстаз», «Шығармашыл ұстаз» төс белгісімен марапатталды. Өзінің жеке шығармашылық кешін беріп, маған шабыт берген «Самғау» байқауына рахмет деп айтқанда, еңбегімнің еш кетпегеніне қуандым.

«Самғаудың» тағы бір ерекше жетістігі – алғашқы қатысқан өнерлі балаларымен бірігіп түсірілген «Батыл жүрек» фильмі. Фильмге мүмкіндігі шектеулі баламыздың арманы өзек болды. Біздің байқауға қатысқан бала: «Менің екі арманым  бар. Бірі — Ернар Айдармен кездесу, екіншісі — киноға түсу», — деген еді. Сол арманды орындау мақсатында «Батыл жүрек» туындысы жарыққа шықты. Сценарийді өзім жаздым. Режисері — Серік Нұрбеков.  Аманай Ернар Айдармен де кездесті. Арманын  орындаған соң көңілім жай тапты. Осындай мумкіндігі шектеулі балалардың көңілін қалдырмай, бір ауыз сөзімді жерге тастамай кездесуге келген Ернар Айдарға алғысым шексіз»,-деді.

Өнер мен армандарды бір арнаға тоғыстырып отырған «Самғаудың» биікке самғайтын балалары көп болсын!

Фариза Мақсұтқызы, курсқа қатысушы

Суреттерді түсірген автор 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді