Самат Смақов: «Елімай» клубының жандануына демеушілер көп үлес қосты

27 қазан 2023, 18:25


Олардың қолдауының арқасында көптеген футбол клубтары павлодарлық «Ертіс» клубы сияқты қаржылық күйреуден құтылып, қалыпты жұмыс істеп тұр.
Aikyn.kz сайты жазғандай, 2021 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпқой спорт клубтарын қаржыландыру негіздерін ресми түрде бекіту туралы шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес, мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражатқа лимит белгіленді, ол жылына 1,2 млрд теңгеден аспауы тиіс.
Алайда бұл шектеу спорт командаларының бюджетіне ауыр тиді. Көптеген клубтар қаржылық қиындықтарға тап болды. Осындай жағдайда букмекерлік компаниялар спортқа көмекке келді. Олардың қолдауының арқасында көптеген футбол клубтары павлодарлық «Ертіс» клубы сияқты қаржылық күйреуден құтылып, қалыпты жұмыс істеп тұр.
Ал Семейде лицензиясы бар букмекерлік компаниялардың белсенді қатысуының арқасында кәсіби спорт клубын құруға мүмкіндік туды. Осыған орай Aikyn.kz сайты «Елімай» ФК жаттықтырушысы Самат Смақовтың пікірін келтіреді. Белгілі футболшы букмекерлік компаниялардың спортты дамытуда маңызды рөл атқаратынын және кәсіби клубтар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға көмектесетінін атап өтті.
«Бір жыл бұрын біз Семей қаласында үлкен футболды жаңғырттық. Бір маусымда жаңадан құрылған «Елімай» клубы Премьер-лигаға сенімді түрде шығып, жанкүйерлерін үлкен қуанышқа бөледі. Бізде маусым бойы толық трибуналар болды, тіпті екінші күшті дивизионда ойнадық.
Осы уақыт ішінде «Елімай» футболшыларына құрал-жабдық, киім-кешек, жалақы мәселесін толықтай шеше алмаған еді. Ал букмекерлік кеңселер клубтың қаржылық тұрақтылығына айтарлықтай көмек көрсетті.
Мен ешкімді ақша тігуге шақырмаймын, бұл әр адамның жеке таңдауы. Бірақ біз жап-жақсы отырған бұтағымызды неге кесуіміз керек. Демеушілер мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтуға жәрдемдесті, бұл жаман ба?», – дейді Смақов.
Сондай-ақ сайт қазіргі уақытта кәсіпқой спорт клубтарын мемлекеттік қаржыландыруды шектеу қаржылық қиындықтарға, тіпті кейбір клубтардың күйреуіне әкеліп соққанын жазады. Демеуші ретінде әрекет ететін букмекерлік кеңселер бұл олқылықты белсенді түрде толтырып, клубтардың тұрақты жұмыс істеуіне үлес қосып жатыр. Осылайша, букмекерлік кеңселердің қолдауы спортты дамытуда және Қазақстанда кәсіби спортпен айналысуға жаңа мүмкіндіктер жасауда маңызды рөл атқарады.
Мақалада популизм мен азаматтардың назарын елдің нақты мәселелерінен басқа жаққа бұру мақсатында кейбір депутаттардың бәс тігу индустриясын тоқтатып тастағысы келетіні жөнінде айтылған. «Егер олар ойлағандарына қол жеткізсе, қазақ спортының ертеңін болжау өте қиын. Дәл спорттық бәс тігу бүкіл әлемде спорттық өмірдің органикалық бөлігі болғандықтан, бұл жүйе әлі күнге өмір сүріп келеді, бірақ тыйым салынған жағдайда спортты қолдау мен Қазақстан бюджетінен түсетін кіріс жойылып, ақша оффшорлық букмекерлік кеңселерге түседі. Қазақстандық спорт пен республикалық бюджеттің игілігі үшін парасаттылық басым болады деп үміттенеміз», — деп жазады сайт.

Фото: “Егемен Қазақстан”

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу