jasqazaq.kz

Салт-дәстүр ұлықталған жәрмеңке

13 қыркүйек 2024, 12:43

Бес күн бойы елорда төрін дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үш бағытта өрбіді. Спорттық сайыстардан сырт, ғылыми және мәдени бағдарламалар да қала тұрғындары мен жергілікті һәм шетелдік қонақтарға шынайы шаттық сыйлады.

«Қазанат» ипподромының маңынан арнайы салынған «Көшпенділер әлемі» этноауылында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сал-дәстүрімізді ұлықтайтын мәдени іс-шаралар өтіп жатыр. Біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаевқа сауал жолдаған едік.

Jasqazaq.kz сауалына жауап берген Абылай Қанатұлы былай деді: «Көшпенділер әлемінде» «Шеберлер ауылы» бой көтерді. Сап түзеген көрмеде әртүрлі кәдесыйларды да таба аласыз. Еліміздің барлық аймағынан келген қолөнер шеберлері, ісмерлер, зергерлердің тамаша туындылары тамашалаушыларға ұсынылды. Өздерінің шеберліктерін бөлісіп, тәжірибе алмасып, бұйымдарын таныстырады. Қазақтың зергерлік өнері, тоқыма, былғары өңдеу, ағаш пен әр түрлі металдан бұйым жасау құпиясымен бөлісіп, мол мұрамызды насихаттауда. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу тек спорттық сайыс қана емес, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын да күллі әлемге паш етіп насихаттау. Мәдени бағытты қамтыған шаралардың мақсаты да осы».

 

Астана қаласындағы көрмені тамашалаушы шетелдік туристер қазақ халқының мәдени мұрасымен танысып қана қоймай, ұлттық құндылығын әйгілейтін жәдігерлерін естелік ретінде сатып алып жатты.

Қуан Көшек,
Астана
Суреттерді түсірген автор

11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай