Сәкен Майғазиев: Мені жек көретін жандар, ұрпақтарыңыз маған ұқсамасын (Видео)

31 тамыз 2023, 12:17

МузАрттық Сәкен Майғазиев соңғы жазбалардың бірінде өзіне жағымсыз пікір жазғандардың көбін байқаған. Желі қолданушылары Сәкенді “Мейрамбектің алдына шығып алды”, “Мейрамбек пен Кенжебектің ортасына тұрып алды” деп сынады. Әнші инстаграм желісінде өзін сынағандарға жауап берді.
“Мына видео «Сакен Мейрамбектің артында, Кенжебек Сәкеннің артында жүру керек», деген жандар үшін. Осыдан 4 күн бұрын жарияланған (үшеуіміз жүріп келе жатқан) видеоның астындағы пікірлерді бүгін оқып, жағамды ұстадым. Ортасында тұрсам екеуінен бойым ұзын болған соң тұрам, абайламай екеуінің алдына шығып кетсем Мейрамбектен екі жас үлкен болған соң, Кенжебектен 7 жас үлкен болған соң жүремін. Сіздер өйтіп жаман ойлап, жүректеріңізді қарайтпаңыздар, өздеріңізге зиян ғой. Үшеуіміздің ойымызға кірмейтін арам ойлар кейбір адамдардың ойына қайдан келеді-ей. Түсініктеріңізден айналдым. Айтпақшы, (менен жерді қызғанып), мені жек көретін жандар, ұрпақтарыңыз маған ұқсамасын, әумин”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Алайда, желі қолданушылары Сәкеннің бұл сөзімен келіспейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

“Мейрамбек ағаның орны бөлек қой”, “Мейрамбек аға алдында жүруі керек”, “Мейрамбектің алда жүргені жөн. Өнерге ерте келді.Халыққа етене жақын”, “Мейрамбек бірінші жүруі керек”, “Кейінгі кезде алдына шығып жүрдің ғой, мұның дұрыс. Мейрамбектің алдына Кенжебек екеуің шықпайтын болыңдар”, – деп ескерту жасады желідегілер.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз