jasqazaq.kz

Сайрамда сәбидің денесі судан табылды (Видео)

Бүгін, 12:41

Түркістан облысының Сайрам ауданында Машат өзеніне батып кеткен қыз баланың денесі бірнеше күннен кейін табылды. Бұл туралы jasqazaq.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қайғылы оқиға 31 наурыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған сәби өзен жағасында ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен.

Оқиға орын алғаннан кейін құтқарушылар іздеу жұмыстарын бірден бастап, бірнеше күн бойы жалғастырды. 4 сәуір күні жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Машат өзенінен, оқиға орнынан шамамен жеті шақырым төмен тұстан, бір жарым метр тереңдіктен баланың денесін тапты.

Айта кетейік, еліміздің өзге өңірлерінде де балалардың жоғалуына қатысты деректер тіркелуде. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында 29 наурызда жоғалып кеткен 10 жастағы Мансұр Саматовты іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Сондай-ақ Түркістан облысында 23 наурыз күні Келес өзеніне құлап кеткен сегіз жастағы бала да әзірге табылған жоқ. Құтқару қызметтері іздеу жұмыстарын тоқтатпаған.

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері