jasqazaq.kz

Садық Байымбетов: Ерекше балаларға арнайы әдістеме жаздық

26 тамыз 2025, 12:58

Шымкенттегі «Жас жауынгер» спортқа бейімдеу орталығы өз жұмысын «Тұсаукесер» жобасы шеңберінде жүргізіп келеді. Осы орталықтың негізін қалаушы Садық Байымбетов Jasqazaq.kz тілшісіне ерекше балаларды спортқа бейімдеу әдістемесі туралы әңгімелеп берді.
«Бала өмірге мүмкіндігі шектеулі болып келгені үшін ортадан шектеуге болмайды. Сол үшін біз ерекше балаларға арнайы әдістеме жаздық. Авторлық құқық алдық. Мәселен, бала үйде отырып, теледидардың ар жағындағы Әлем және Қазақстанның Олимпиада чемпиондарын көреді. Солар сияқты болғысы келеді. Біз арнайы ЛФК жаттықтырушылар, тәжірибелі бапкерлердің көмегімен баланың сол арманын орындау мақсатында қолына қолғап кигіземіз. Біздің мақсатымыз – балаларды қоғамға қосып, тең мүмкіндікті жасау. Кім біледі, бәлкім болашақ чемпиондар біздің залдарда шынығып жатқан шығар?! Спорт пен реабилитацияны бірге коллаборация жасағанбыз. Аптасына үш күн, 1,5 сағаттан 20-30 бала бірдей жаттығу жасайды. Бұл жерде бір бапкерге он баладан бөлінген. Балалардың кейбіреуінің тепе-теңдік ұстауы, біреуінің есте сақтау қабілеті нашар болады. Біздің арнайы әдістеменің негізінде жаттығулардың бәрі баланың психоэмоционалдық жағдайының және де қимыл-қозғалысының, бұлшық еттерінің жақсаруына пайдасы зор. Балалардың әрбір сағаты ем болып есептеледі. Сабақ басталардан он бес минут бұрын бала келеді. Бапкерлер күтіп алады. Оларды жайғастырып, ата-анасымен сұхбат жүргізеді. Бүгін бала өзін қалай ұстады? Не жеді, не ішті? Осындай сауалдар қойылады. Мұның бәрі маңызды, себебі жаттығу кезінде бала қозғалып кетуі мүмкін. Бұл балалармен жұмыс істейтін бапкерлер, реабилитологтар «ЛФК-инструктор» мамандығын бітірген және де біздің әдістемені толықтай біледі», — дейді ол.
Садық Байымбетовтың айтуынша, бұл жоба елімізде емес, әлемде кеңінен таралуда. Биыл Қырғызстанның Бішкек қаласынан ашылып, ол жерде де 60-70-тей бала қатысып жатыр. Әрі қарай Әзербайжан, Франция мемлекеттері өкілдіктерімен келісімшарттар жүргізілу үстінде. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі ерекше қажеттілігі бар балаларға таптырмас мүмкіндік.
Ол: «Біздің кез келген ерекше балаға орталыққа келіп 1-3 күн жаттығуына, өзін спортшы сезінуіне мүмкіндік береміз. «Ойбай, сен істеме, құлап қаласың!», «Қой, жарақаттанып қаласың» деген бізде жоқ. Бәріне тәртіп бірдей. Өйткені, балаларға ерік-жігерін жанимыз, рух береміз. «Қазақстан халқына» қорынан біздің бапкерлерге жалақы төленеді. Ал спорт зал, ғимарат, керек-жабдықтар демеушілер есебінен. Әр қалада өзінің қаһармандары бар. Мысалы, Шымкент қаласында Дзюдо федерациясының вице-президенті Абай Алтынбеков деген ағамыз өзі залды тегін беріп, бізде тек қана спорт емес, балаларға психоэмоционалдық түрде жақсы жағдайлар да қаралған. Оларды түрлі концерттерге, жарыстарға апарады. Біржан Жақыпов, Хабиб Нұрмахамедов сияқты әлем чемпиондары келіп, шәкірттермен ашық сабақ өткізеді. Хабиб мырза орталығымыздың жұмысымен танысып, Дағыстаннан да осындай орталық ашу туралы ойға алуына түрткі болдық», — деді.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр