Сабира Жарасқызы: Күйеуге бермесеңдер, мен қашып кетем

07 тамыз 2023, 11:10

Блогер Сабира Жарасқызы Sabirkin атымен танылған актриса отандық бағдарламаның біріне берген сұхбатында тұрмысқа шығатын кезде ата-анасы қарсы болғаны туралы сөз етті.

«Ол тұрмысқа шыққан кезде 19 жаста болғанын, күйеуі өзінен алты жасқа ұлкен екенін атап өтті. «Бұл қыз әлі тұрмысқа шықпайды. Жұмыс істеп карьеристка болады деген қыздардың қатарынан болдым. Оған бәрі сенімді болды. Тұрмысқа шығатынымды ешкім күтпеді. Бәрі шок болды. Ол әлі балаға ғой деген сөздер көп болды», — деді. Актриса тіпті тойда да ата-анасының жүздерінде қуаныш болмағанын жеткізді. Ол бұны қыздарын әлі кішкентай санап, тұрмысқа дайын емес деп қорыққандарынан деп түсіндіреді. Алайда қазір әкесі мен күйеу баласының қарым-қатынасы өте жақсы екенін атап өтті. «Мен тез, аяқасты жолықтырдым махаббатымды. Бұның бәрі қалай болып кетті деген ойлар өзімде де болды. Әкем менімен сөйлеспей қалды… Мен әкемнің қызы болдым. Мен ол үшін әлі кішкентай қыз болдым. Барлығы мама арқылы шешілетін. Ұрысса да анам арқылы айтып жіберетін. «Күйеуге бермесеңдер, мен қашып кетем», — деп мен де тұрып алдым. Соншалықты ғашық болғам ғой. Ғашық болғандықтан, маған бәрібір болды. Үйдің еркесі болып өскен соң шығар», — деді актриса.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады