jasqazaq.kz

Сағадиев: Мұндай провокациялық сұрақтар қоймаңыздар

03 наурыз 2017, 14:15

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президент шешсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

nur.kz хабарлағандай, бүгін парламентте өткен отырыстан кейін журналистер министр Ерлан Сағадиевке әлеуметтік желідегі жұрттың оның отставкаға кетуін сұрап жатқанын айтты.
«Мұндай провокациялық сұрақтар қоймаңыздар. Оны шешетін президент. Президент айтса кетемін», — деп жауап берді тілшілердің сұрағына министр.

Айта кетейік, қоғам белсенділері министр Ерлан Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп, әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Осыған дейін үштілділік, жоғары оқу орындарында ежелгі қазақ тарихының алынып тасталғаны аздай, енді Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сияқты мамандықтар алынып тасталынды деген ақпарат тарады.

Сағадиев жетекшілік еткен министрлік қазақ ұлтын, тілін жоюға бағытталған бастамасына наразылық білдірген еліміздің бір топ ғалымы Марат Тәжин, Гүлшара Әбдіқалықова мен Бақытжан Сағынтаевтың атына ашық хат жолдаған. Бірақ министрдің өзі мұны бүгін жоққа шығарды. Ол бұл туралы естімегенін айтып, алыпқашпа әңгімелерге сенбеуді сұрады.

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті