jasqazaq.kz

Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндірді

14 наурыз 2017, 10:48

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте тілшілерге берген сұxбатында ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді. «Биыл қазақ тілін мектеп түлектерінің 100 пайызы тапсырады 12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізіндеа емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек экзамен тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс», — деді министр. Сонымен қатар Ерлан Сағадиев жоғары оқу орнына түсетін түлектер қазақ тілінен сынақты қашан тапсыратынын да атап өтті. «Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген балалар ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр ғой. Биыл олардың үлесі — 80-85%. 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады», — деп түйді сөзін ведомство басшысы.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті