jasqazaq.kz

Сәби сатқандар сотталды

09 қараша 2016, 21:34

bala-saudasy

Ақтауда жаңа туған нәрестені саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушері, қылмыс жасауға көмектескен заңгер мен делдал және сәбиді босанған келіншек 3 және 8 жыл аралығында жаза арқалады.

Ең қатаң жаза – 8 жыл босану бөлімінің жетекшісі Анаргүл Епеноваға кесілді. Тергеу мәліметі бойынша, дәрігер тұрмысы төмен келіншектерді сәбиін сатуға үгіттеген. Бала саудасын рәсімдеген заңгер болса, жеті жарым жылын түрмеде өткізеді. Ал, саудаға түскен сәбидің анасы 5 жылға сотталды. Алайда ол жазасын бір жыл кешіктіріп өтейді. Себебі, көкек ананың тағы да аяғы ауыр екен. Сондай-ақ, сатып алушыны тапқан делдал әйел де жазасыз қалмады. Судья оны 3 жылға түрмеге жабу туралы үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, сәбилерді саудаға салғандар тамыз айында әшкере болған еді. Полиция қызметкерлері шарананы бір жарым миллион теңгеге бағалаған адамдармен  сатып алушы ретінде хабарласқан. Сөйтіп, қылмыстық топты түгел қолға түсірген болатын. Тергеу кезінде 2 жағдай анықталды. Бірінде баланы сатпақ болса, екіншісінде олар ойын жүзеге асырып үлгеріпті.

ktk.kz

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді