Рустам Мусин: Маңыздысы қызмет емес, маңыздысы – ел-жұртыңа пайда келтіру

16 қыркүйек, 14:29

Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадрлық резервінің форумында мемлекет басқару ісіне ой ұшқыр, білім озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар келу керек екенін айтқан болатын. Кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған осы резервте қазір 400 маман бар. Солардың бірі — Мемлекеттік басқару академиясының Адам ресурстарын басқару институтының директоры Рустам Мусин. Jasqazaq.kz талапты жас кадрмен байланысқа шығып, ой-пікірін білді.

— Рустам мырза, Президенттік жастар кадр резервіне қатысу туралы ой қайдан келді? Естуімізше, сіз оған дейін кәсіпкерлікпен айналысқан екенсіз.

— Әрине, сауалыңыз орынды. Мен ең алдымен кәсіпкерлік салада өзіме мол тәжірибе жинақтадым. Осы тәжірбием елге пайда әкелсе деген оймен, мемлекеттік қызметті таңдадым. Алған тәжірбиемді елімінің дамуына қосқым келді. Айталық, сен сол саладағы олқылықты көріп тұрсаң оны түзеудің екі жолы бар. Біріншісі — сен ол мәселені сынайсың, бірақ өзгертуге тырыспайсың. Екіншісі — сен сол олқылықты өзің түзейсің немесе өзгертесің. Мен екінші жолын таңдадым, яғни өз тәжірибемді қосып, елімнің дамуына титтей де болса өз үлесімді қосқым келді.

— Біз кадрлық резервке 400-ден астам үміткердің өткенін білеміз. Қазіргі таңда оның 70 пайызы мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторларда жұмыс істеп жатыр. Конкурс талаптары жоғары болды ма? Қандай критерийлерден өттіңіздер?

— Алғашқы 2019-2023 аралығындағы үміткерлерді қабылдауда біршама өзгерістер бар. Мысалы, біз 2021 жылы конкурстан өткен кезде сұхбаттасу көзбе-көз болды. Бұл кезеңде өз саласының білікті мамандары жан-жақты сұрақтар қояды. Мұнда ең маңыздысы бізге берілген қызмет емес, біз сол қызметте жүріп халыққа не береміз деген сауалға жауап бердік. Олар бізге «Айлық аз болса не істейсіз? Басқа өңірге көшуге тура келсе қалай болады» деген сынды сұрақтар қойды. Егер сен мемлекеттік қызмет жолын таңдасаң, онда қызметте өсуді емес, халық игілігін ойлауың керек. Осы жолды таңдағандар мемлекеттік қызмет жолын бастап кетті. Әр кезеңнен өткен сайын мемлекеттік қызметке деген талпыныс пайда болды. Әрине, кәсіпкер бола жүріп, мемлекеттік қызметте алатын айлықтың аздығын білдім. Бірақ маңыздысы мен үшін айлық емес, еліме не бере аламын деген ой болды. Мен президенттік жастар кадрлық резервінен өткен әр жастың бойында ең алдымен ел үмітін ақтаймын деген сенім бар деп ойлаймын.

— Биыл да Президенттік резервке жастарды қабылдау жүріп жатыр. Үміткерлерге қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

— Менің ойымша, мемлекеттік жолды таңдаған әрбір жастың бойында патриоттық сезім болуы керек. Егер патриоттық сезім болса, ел-жұртыңа қол ұшыңды беріп, сол жолда тигізетін пайдаңды көбірек ойлайсың. Мемлекеттік қызмет деген жай ғана қызмет емес. Ол мемлекетіңе не бере аласың, нені өзгерте аласың, әрине, жақсы жағына қарай өзгеріс жасауға ұмтылу. Сондықтан мен бұл жолды таңдаған әрбір жастың бойында еліне деген сүйіспеншілік болса екен деймін. Қазір дарынды жастар өте көп. Мен білімді әрі білікті жастар өз тәжірибесін еліне қызмет етуге жұмсаса дегім келеді. Ал Президенттік кадрлық резервті таңдаған жастар осы жолды біледі деп сенемін.

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?