jasqazaq.kz

Румын футболшысының Қазақстандағы жалақысы қандай?

03 қантар 2017, 17:35

«Астана» клубының жаңа ойыншысы Аздрен Лулаку румыниялық Orange.ro сайтына берген сұхбатында жаңа командаға ауысу туралы шешім қабылдағанда нені басты назарда ұстаған айтып берді.

— «Астананы» не себепті таңдадыңыз?

— Бұл команда еуропалық ірі додаларға қатысады. Жасыратыны жоқ, шешім қабылдаған кезде жаңа командамның ұсынған жалақы мөлшеріне басты назар аудардым. «Астанадан» бөлек Түркия, Бельгия, Польша, Қытай және Жапония клубтары тарапынан ұсыныстар болды. Алайда, мен «Астананы» таңдадым.

Жаңа жалақым — арманымның шындыққа айналғанындай. Ендігіде, отбасыма жақсы қаржылай қолдау көрсете аламын, — дейді Аздрен Лулаку.

Айта кетейік, Аздрен Лулаку румыниялық «Газ Метан» клубынан ауысып келді. «Астанада» ол бұрынғы командасында алған жалақысынан 12 есе көп алады, яғни айына 40 мың еуро көлемінде.

alzhan.kz

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті