Рух берер ұғым!

16 желтоқсан 2016, 15:06

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл. Егемендікке қол жекізген сонау 1991 жылдан бері қазақ елі даңғыл даму жолынан өтті. Небір қиын кезеңдер мен ауыртпалықтарды бастан кешірді. Биік асуларды бағындырып, орасан жетістіктерге жетті. Әлбетте, осы шаруаның ешбірі оңайға түскен жоқ. Тәуелсіз мемлекеттің жүріп өткен жолын қайта бағамдау маңызды әрі тағылымы мол. 1991 жылғы 16 желтоқсан – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, ғұмырлы мемлекеттігіміздің бастауы болған күн. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдап, т»рткүл дүниеге азаттығымызды жария еттік. Жұбан ақын жырлағандай, қазақ «Мың «ліп, мың тіріліп», осы қастерлі күнге жетті. Ата-бабамыз тәуелсіздікті сан ғасырлар армандап «тті. Егемендік үшін күресті. Қазір қазақтың қай жерін алсаң да, асты толған зират, сүйек. Күлтегінге арналған жырда «Сүйегі таудай үйілді, қаны судай ағылды» деп бекерге айтылмаған. Қытайлар «Мыңжылдықтар тоғысында «өмір сүрмеу керек» деп айтады екен. Біз өмір сүріп отырмыз. Дәуір мен дәуір, ғасыр мен ғасыр алмасып жатқанда, халқымыз сан мың жылдар аңсаған мұратына жетті. Тәуелсіздік алған тұста бес жыл елдің идеологиясын басқардым. Сол кезде «Мына тәуелсіздікті қан төкпей алдық» дегендер табылды. Солардың біразын шақырып алып, «Екі жарым мың жыл ата-бабаң қанға шомылды. Қан жылады, қырылды. Осы аз ба саған? Тағы қан көргің келіп отыр ма? Солардың көксеген арманына біз жетіп отырмыз. Ендігі мақсат – осы тәуелсіздікті баянды ету» деп айтқаным бар еді. Осылай Тәуелсіздіктің ақ таңын көру бақыты біздің ұрпаққа бұйырды. Әрине, бәрі бірден бола қойған жоқ. Алғашқы жылдары экономика тұралап, ел күйзеліске ұшырап, халық абдырап, жұртты үрей биледі. Түрлі шерулер, митингілер көбейіп, қозғалыстар пайда болды. Неше түрлі арандатушылар, небір «көсемдер» шықты. Осындай жағдайда елді ұйыстырып, оны жаңа белеске көтеру оңайға түскен жоқ. Бірақ осынау алмағайып кезеңде тізгінді қолына алған Нұрсұлтан Назарбаев елді дұрыс бағытқа салды. Ел біртіндеп есін жиып, еңсесін көтере бастады. Мемлекет басшысы содан бері көрегенділік пен даналық танытып, қазақ елін небір дағдарыстан алып шығып, биік асуларға көтеріп, мәртебесін асқақтатып келе жатыр. Сондықтан халық Тәуелсіздік пен Президентті бір- бірінен ажыратпай, тұтастықта қарайды. Жан-жақтан анталаған кезеңде жанында болған, ерлігін, қайсарлығын, тәуекелшілдігін к»зімен к»рген, елі үшін атқарған ерен еңбектерінің куәсі болған адаммын. Тәуелсіздіктің қиын да күрделі жылдары 5 жыл бойы күні-түні қасында болып, тереңдігін, кемелдігін көрдім. Елім дегенде ен дүниеге сыймай талай тебіренгенін, талай ұйқысыз түндер мен тынымсыз күндерді басынан кешіргенін к»зіммен к»ріп, жүрегіммен сездім. Арпалысқан, аласапыран кезеңде үйреніскен қалыпты жүйенің астан-кестеңі шығып жатқан, алда не боларын білмей жұрт сасқалақтаған уақытта Нұрсұлтан Назарбаев именбей қол бастады, тар кезеңнен жол тапты.

Тәуелсіздік жылдарындағы тағдырлы шешімдердің ешбірі оңайға түскен жоқ. рқашан күмән мен күдік болды. Алғашқы қарбалас жылдарда Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге асырмақ болған кейбір ойларына келіспей, қарсы шыққандар аз болмады. Мемлекет басшысының ойлары мен идеяларын кезінде көбі өз мәнінде түсіне алмады. Қиын мәселелер бойынша бізбен ақылдасатын, бірақ бәрібір жолды &зі табатын. лі күнге дейін солай. Бұл кісі бір мәселені айтқан кезде, біз байыбына барып, түсіне бермейтінбіз. Алдағыны болжайтын адам ғой. Елдің, мемлекеттің ауыртпалығын мойынға алғаннан кейін сол жолдан таймай келе жатыр. Байқап қарасақ, Президенттің шешімдерінің дұрыстығын, көрегенділігін уақыт көрсетті. К&пшіліктің к&ңілін күпті етіп, күмән туғызған осындай бастамалардың бірі ел астанасын Алатаудың баурайынан Сарыарқа т&сіне к&шіру болған еді. Сол кезде, ел әлі есеңгіреп, есін жинамаған уақытта Елбасының бұл ұсынысын көпшілік түсінбеді және құптамады. Дағдарыс жағдайында жаңа қала салу деген көп жұртқа ақылға қонбайтын қиял сияқты көрінді. Мен де қарсы болдым. Ел астанасын к&шіру бойынша Мемлекет басшысы бәрімізбен ақылдасып жүрген кезде мен ол кісіге «Жұрт 3-4 ай жалақысын, балалар шәкіртақысын, қарттар зейнетақысын ала алмай жүр. Қайда к&шеміз? Ел жалаңаш, жалаң аяқ, жалаң бас. Қалай саласыз, қалай к&шесіз?» дедім.Біз к&шіп бара жатқан жұртты шығарып салдық. «Біз Алматыға сыймай емес, қимай кетіп бара жатырмыз» деді олар. Астананы ең қиын кезде, тәуекелге барып, Арқаның қақ т&ріне к&шіру батырлық еді. Ол мемлекетке қажет болды. Бұны ол кезде біріміз түсінсек, біріміз түсінбедік. Мұның үлкен астары бар болатын. 2000 жылы Астанаға Еуразия ұлттық университетіне ректор болып келдім. Міне, содан бері 16 жыл &тіпті. Осы уақытта Астана маған ерекше ыстық, жақын қала болып кетті. К&з алдымда елдің мақтанышына айналған ғажап әсем қала бой к&терді. Алғашқы жылдары Астананың бас жоспарын к&рген кезде қатты таң қалғаным бар. Аз жылда осындай ғажайып қаланың салынуы мүмкін еместей к&рінген. Енді сол ертегіні к&зіміз к&ріп отыр. К&ріп қана қоймай, Астананың сәулетіне сән қосуға &з үлесімді де қосып жүрмін. Сол кезде берген сұхбатымда «Астана тек Қазақстанның емес, құдай қаласа, Еуразияның астанасы болады» деп айтқан болатынмын. Міне, қазір солай болды. Біз &мірі армандамаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін &ткіздік. Ал қазір ешкімнің &ңі түгіл, түсіне кірмеген БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып отырмыз. Күні кеше ғана Қытайда әлемдегі ең ықпалды 20 мемлекеттің басшыларының ішінде біздің Елбасымыз отырды. Нұрсұлтан Назарбаев қазір айтса, с&зі &тетін, істесе, қолынан келетін үлкен әлемдік тұлғаға айналды. Тәуелсіздікпен бірге қазақтың &шкені жанып, &лгені тірілді. Ұлттық сана-сезіміміз оянып, арғы-бергі тарихымызды зерделей бастадық. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық мәдениет жаңғырды. Тіліміз бен дінімізді қайтардық. Тәуелсіздік алған тұста атқарылған істердің үлкен бір парасы ретінде тарихи санадағы сілкіністі, рухани &згерісті атап &тер едім. Сол жылдары отаршыл саясаттың салдарынан езіліп қалған елдің еңсесін тіктеп, оның санасын, рухын ояту үшін бабаларға арнап ас беру ұйғарылды. Ең алдымен Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың тойлары &тті. Одан кейін іле-шала республика деңгейінде Б&генбай, Қабанбай, Сыпатай батырлардың тойларын &ткіздік. Азаттық үшін күрескен батырлардың есімін ұлықтап, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету үшін бұл тойлардың маңызы зор болды. Сол кезде жоқ жерден дау іздегендер де болмай қалған жоқ. «Тойшыл боп кетті» деген күңкілдер естіліп жатты. Бірақ біз той аңсап, қарын тойдыру үшін жүрмегендіктен ондай с&здерді елең қылмай, ісімізді жалғастыра бердік. Өйткені азаттық үшін қасық қанын қиған боздақтарға, арыстарға, аруақтарға қанша уақыттан бері ас берілген жоқ еді. Осылайша, ел ұйыса түсті, оның қалғыған тарихи санасы қайта жаңғырып, намысы оянып, жұртта, әсіресе, жастар арасында мақтаныш сезімі пайда болды. Той болғасын шығынсыз болмайды, дегенмен, бұл орайда халықтың өз игілігі өзіне жұмсалды, республика бюджетінен арнайы қаржы бөлінген жоқ. Сондықтан, бұл тойлар тәуелсіздік алған тұста тарихи миссия атқарды десек, артық айтпағандық болар еді. ;з тәуелсіздігіне қолы жеткен қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиға 1992 жылы болды. Осы жылы жер бетіндегі барша қазақтың басын қосқан Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы шақырылды. Ол кезде бүгінгідей алшаң басып жүрген бизнесмендер де жоқ. Обалы не керек, жаңа қылтиып келе жатқан, кәсіпке енді араласа бастаған азаматтардың к&мегімен құрылтай ұйымдастырдық. Сонда шетелден келген ағайынды әуежайда қарсы алдық. Жата қалып, жерді сүйді олар. Таң қалдық. Елге, жерге деген сағыныш, махаббат қандай десеңізші! Биыл тәу еткен Тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толды. Егемендіктің туын тігіп, оны баянды ету маңдайына жазылған ұрпақ елінің кемел келешегі үшін тер т&гіп келеді. Бүгінге дейін мен де Тәуелсіздікке қызмет етіп келе жатырмын. ;зімді бақытты санаймын. Бүгінгі ұрпақ ең бақытты ұрпақ. Сол басына қонған бақты бағалай білсе деп ойлаймын. ;йткені, тәуелсіздіктен артық, дербестіктен қымбат еш нәрсе жоқ. Мемлекет құру, оны дамыту, әлемге таныту, сырт к&зден сақтап отыру оңай емес қой. Бабаларымыз &мір бойы зар илеп, халықты бірлік пен ынтымаққа шақырды. Бірлік болмаған жерде, тірлік болмайды. Тәуелсіздік орнаған күннен бастап Президент елдің бірлік- ынтымағын Қазақстан тәуелсіздігінің тұғыры етті. Осы бізді құтқарып келе жатқан, талай пәледен де сақтап қалды. Мәңгілік ел болудың даңғыл жолына түстік.Енді Алла осы жолдан тайдырмасын! 

 

  Мырзатай Жолдасбеков

көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері 

 

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде