jasqazaq.kz

Әртістер билетті әкімдік арқылы сатпасын!

13 желтоқсан 2016, 13:05

Өзін «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде таныстырған Алға қаласының тұрғыны Амангелді Сейдалиев мектептер мен балабақшалардағы жемқорлықты құртудың жолдарын тізбелеп берді.

tilshi.kz хабарлағандай, ашық ақпарат көздеріне жүгінсек, Амангелді Сейдалиев билік партиясының Алға ауданындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екен.

«Жыл сайын еліміздегі мыңдаған мектептің ағымдағы жөндеуіне қаражат қарастырыңыз, жыл басынан аталып өтетін мерекелік іс-шараларға арнап балалардың концерттік киімі мен сыйлықтарына, музыкалық аппаратураларына, шырша, киіз үй, баннер, бильборд және тағы басқа 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі іс-шараларына қаражат бөліңіз», — дейді ол.

Рас, партия өкілінің бұл ұсыныстарды кімнің атына жазып отырғаны түсініксіз. Елбасыға ма, әлде облыс басшылығына жолдағаны ма, ол жағын «Нұр Отан» мүшесі нақтыламапты.

Амангелді Сейдалиев, сондай-ақ  мектеп пен балабақшаға келетін комиссияның іс-сапар қаражатын, атап айтқанда, қонақ үй төлемін, жолкүресін, тамағын алдын ала есеп-шотына аударып қою керектігін ескертеді.

«Ауылға, мектепке, балабақшаға келетін əртістер мен түрлі концерттер (билеттерін акиматқа əкеліп тастамай) өнерлерін өздері келіп жарнамаласын. Оқушылардың мектептен тыс байқау, тест, олимпиада, спорттық жарыстарына қаражат жоспарланып, бөлінсін», — дейді Амангелді Сейдалиев.

Сондай-ақ, партия өкілінің айтуына қарағанда, мұғалімдерге газет-журналдарға жазылу саны, жоспары Астанадан жоспарланбай, басылымдар өздері газет-журналдарының беделін көтеріп, халық іздеп жүріп сатып алатын дәрежеге жеткізу керек.

«Сонда ғана білім саласында… «ЖЕМҚОРЛЫҚ» болмайды», – дейді ол.

Бұл ретте, айта кету керек, өзін фейсбук желісінде «Нұр Отан» партиясының мүшесімін деп таныстырған Амангелді Сейдалиевтің өз жазбасы ма, әлде өзге біреуден көшіріп алған посты ма, белгісіз. Бір анығы, жоғарыда тізбектелген ұсыныстар оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қалдырылған.

 

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды