jasqazaq.kz

Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты

29 қараша 2017, 21:55

Халықтың сүйіктіне қысым жасаған! Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Семей әкімінен бес жыл бойы қысастық көргенін айтты,-деп жазды КТК арнасы.

Туған жеріне концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.

“Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді”,-дейді Роза Қуанышқызы.

Сахнадан айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін Семейге келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтып берді. Бірақ, нақты қай шенді екенін атын атап, түсін түстемеді.

Десе де, сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйіктісі Семей өңіріне гастроль түгілі, тіпті қыдырып та келе алмағанын айтуда. Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып барып туған жеріне жеткен. Жалпы, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда