Роза Рымбаева: «Немере-сенің балаң емес» дегеніме ұяламын

27 қазан 2023, 10:26


Халық әртісі Роза Рымбаева тұңғыш немересінің қалай өсіп жатқанын айтып, болашақтағы арман-мақсатымен бөлісті. Бұл туралы өнер иесі “Жібек жолы” арнасына берген сұхбатында айтты.
“Біздің жасымыз 70-ке таяп қалды. Құрдастарымның тең жартысы шөбере сүйіп отыр. Кезінде достарым немерелерін ертіп жүргенін көрсем, ұрысып тастайтын едім. “Немере – сенің балаң емес, өзінің әке-шешесі бар, сені оны бағуға міндетті емессің” деп ақыл айтып жүруші едім. Сол кезде: “Рымбаева, басыңа келеді, немерелі болғанда түсінесің” дейтін. Олардың немерелеріне махаббаты өтірік деп ойлайтынмын. Қазір сол сөзім үшін ұялып, достарымнан кешірім сұраймын”, – дейді өнер иесі.
Әнші дүниеге немересі келгегелі өмірінің түбегейлі өзгергенін айтты.
“Жасың ұлғайған сайын, балажан болады екенсің. Періштемді көргенде бәрін ұмытамын. Әже болудың сәні де немере бағу екен. Одан кейін, балаларым жас отбасы болған соң оларға көмектескім келеді. Бала күтуде тәжірибелері жеткіліксіз болып жатады. Сол кезде қолдау білдіремін. Әке-шешесі қыдырып кеткенде үйде бала бағып та қалатын мен. Менің мақсатым – немереме барлық күшімді, білімімді, тәрбиемді беру,” – дейді Роза Рымбаева.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу