jasqazaq.kz

Роза Әшірбай: «Цифрлық сауаттылықтың төмендігі — ең үлкен қауіп» (Видео)

11 қараша, 16:36

Белгілі психолог және коуч Роза Әшірбай цифрлық сауаттылықтың төмендігі адамдардың, әсіресе әйелдер мен аналардың қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін айтып жүр.
Роза Әшірбай ең алдымен әлеуметтік желідегі ретсіз контент салудың қауіпті екенін атап өтті. «Цифрлық сауаттылықтың төмендігі – адамдардың желіге не салуға болатынын, не салуға болмайтынын білмеуінен көрінеді», – деді ол. Оның айтуынша, бүгінде көпшілік ең қарапайым ережелерді елемей, жеке деректерін, балаларының суреттерін еш ойланбастан жариялап жүр. «Мысалы, кішкентай баланың суретін сала беруге болмайды. Мұны бәрі айтады, бірақ неге екенін түсінбейтіндер өте көп», – деді ол.
Психологтың пікірінше, әлеуметтік желідегі басты қателік – жарияланған ақпараттың енді жеке адамның меншігі болмай қалатынын түсінбеу. «Сіз TikTok немесе Instagram-ға салған контент сізге емес, сол платформаның меншігіне айналады», – деді Роза Әшірбай. Егер аккаунт ашық болса, ол контентті кез келген адам көріп, қолдана алады. Бұл — қауіпсіздікпен қатар, психологиялық қауіп те төндіреді.
Маман цифрлық мәдениеттің жоқтығы тек балаларға емес, ересектерге де әсер ететінін айтады. «Әлеуметтік желіге контент салу ережесін білмей тұрып, адамдар бір-біріне: “Сіз неге саласыз?”, “Енді салмаңыз” деп ақыл айтып жатады. Бірақ мәселе жеке пікірде емес, базалық цифрлық білімде жатыр», – деді ол.
Роза Әшірбай әлеуметтік желіні сауатты қолдану бүгінгі қоғам үшін қаржылық немесе құқықтық білім сияқты маңызды екенін атап өтті. «Қаржылық сауаттылықты бәрі айтып жүр – ақша жинау, НДС білу, шығынды жабу. Бірақ біз күнделікті өміріміздің көп бөлігін әлеуметтік желіде өткіземіз. Сондықтан интернетті дұрыс қолдану да дәл сондай маңызды», – деді психолог.
Оның айтуынша, цифрлық сауаттылық қазір жаңа деңгейге көтерілген. Бұған жасанды интеллект туралы заңнаманың қабылдануы да әсер еткен. «Қазір ЖИ туралы заң қабылданды. Оны түсіну, оны қолдану да – сыни ойлау мен цифрлық сауаттылықтың бір бөлігі», – деді маман.
Роза Әшірбайдың негізгі ойы — цифрлық қауіпсіздік әр адамның күнделікті мәдениетіне айналуы керек. Әсіресе әйелдер үшін, өйткені олар көбіне отбасының, баланың қауіпсіздігіне тікелей жауап береді. «Бұл тек қызығушылық емес, бұл — бәрімізге ортақ қажеттілік», – деп түйіндеді психолог.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Олжас Әбдіхалық

Фото: скриншот

Бүгін, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді