Роза Әлқожа: «Мама» деген сөзді айтып көрген емеспін

03 қараша 2023, 15:05

Әнші Роза Әлқожа отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген кезде балалық шағын еске алып, басынан өткен қызықтарын айтып берді.

«Кішкентай кезінде ер адамның тірлігін көп жасап, ер мінезді болдым. Шынымды айтсам, мен кішкентай кезімде мама деген сөзді айтып көрген емеспін. Кейін күйеуге шықққан кезде өзімнің енемді, екінші анамды «мама» дедім. Оған дейін «мама» деген сөз маған қызық естілетін. «Ата мен аға» деген сөзбен өстім. Балалық шақ деген кезде маған бірден атам елестейді. Атам қойға барғанда алдынан жүгіріп шығамын. Немересі болған соң тәтті шығармын. Сол кезде үнемі бірге жүретінбіз. Апам да болды ғой. Бірақ, көбіне көз алдыма атам елестейді. Еркелетіп өсірді. Түскі он екіге дейін ұйықтайтынмын. Атам үстіме шыбын қонбасын деп, ұйқымды күзетіп отыратын. Қара шаңырақта өскен соң, ағамның інісі секілді өстім. Атқа мінемін, қораның жұмыстарын жасаймын. Ер адамның тірлігін көп жасадым. Ағам өте қатал болды. Қаладан келетін «ақ саусақ жиендерімізді» ұнатпайтын. Біз мықты болуымыз керек. Біз қауын-қарбыз егеміз. Әбден тірлікке піскен қыз болдым. Ер адамдар тәрбиелегеннен кейін, мен әйел затының көп нәрселерін түсінбей жүрдім. Кейін тұрмысқа шығып, ана атанғаннан кейін үйрене бастадым», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу