jasqazaq.kz

Роман Скляр «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнеспен кездесті

29 қантар, 11:20

Роман Скляр «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнеспен кездесу өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Кездесуге сондай-ақ энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.  Тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Келіссөзде Қазақстан-Америка энергетикалық серіктестігінің флагманы саналатын Теңіз жобасына ерекше назар аударылды.

Дерек Магнесс Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың арқасында Теңіз жобасы бойынша маңызды өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. «Шеврон» өкілі реттеуші ортаның болжамдылығын және мемлекеттік органдармен конструктивті іс-қимылды ерекше атап өтіп, бұл ұзақмерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Роман Скляр Теңіз кенішінде орын алған және өндірістің уақытша тоқтап қалуына әкеп соқтырған оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді.
«Шеврон» басшылығы оқиғалардың салдарын жою және мұнай өндіруді кезең-кезеңімен арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ «Шеврон» басшылығы болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу және нысандардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар жасалатынына сенім білдірді.
Бұдан бөлек, геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды. «Шеврон» компаниясы бірқатар геологиялық барлау жобасына қызығушылық танытатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында тараптар ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамытуға бейілділіктерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша сындарлы диалогке дайын екендіктерін жеткізді.
JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге