Ризабек — әлем чемпионы!

19 қыркүйек 2023, 8:58

Еркін күрестен 92 келі салмақта өнер көрсеткен Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды.

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз финалда Осман Нұрмагомедовпен кездесті. Ризабек Айтмұқан қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады.
«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – деді Президент.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді