jasqazaq.kz

Республика күнінің қарсаңында Оқу-ағарту министрі 64 ұстазға «Үздік педагог» атағын тапсырды

24 қазан, 21:26

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі мұғалімдер арасындағы ең ауқымды әрі беделді байқаудың жеңімпаздарын Үздік педагог» атағымен марапаттады – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Биылғы жылы бұл атаққа қазақстандық 64 мұғалім лайықты деп танылды. Жеңімпаздар марапатпен бірге 1000 АЕК көлеміндегі сыйақыға ие болды. Елімізде 2012 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқаудың нәтижесі бойынша осыған дейін 752 ұстаз «Үздік педагог» атағын иеленген.

«Бұл байқау дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мемлекеттің ұстаздарды қолдауы білім саясатының басты бағыты ретінде айқындалады. Республика көлемінде үздік педагогтер пулы қалыптастырылды. Ендігі міндет – әр білім беру деңгейі бойынша үздік ұстаздарымыздың озық тәжірибесін кеңінен таратып, жас педагогтерді тағылымдамадан өткізу арқылы кәсіби дамуына жүйелі қолдау көрсету. Біздің басты мақсатымыз – әр баланың әлеуетін ашуға, өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беретін әділ, қолжетімді және сапалы білім жүйесін қалыптастыру. Мемлекет басшысының қолдауы мен қоғамның сенімі – осы жұмыстың басты қозғаушы күші», — деді министр өз құттықтауында.

Айта кету керек, биылғы жылы «Үздік педагог» республикалық байқауының іріктеу кезеңіне 1468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады. Дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алды. Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар.

Үздік педагогтерді анықтау жөніндегі комиссия биылғы жылдың қыркүйек айында құрылып, оның құрамында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Искакова, Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ақзира Қасымова, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енді.

Бұл сайысқа білім беру ұйымдарында бес жыл үздіксіз еңбек өтілі бар мамандар қатыса алады. Конкурс барысында педагогтердің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі, жұмысының тиімділігі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі.

JQ-Aqparat

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік