Ресейден 45 мың тонна бензин сатып аламыз

17 тамыз 2023, 16:42

 

Еліміз Ресейден 45 мың тонна АИ-95 бензинін сатып алатын болды.  Бұл туралы энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

«Биыл екі министрлік арасында қол қойылған индикативті теңгерімге байланысты 45 мың тонна АИ-95 маркалы бензин импорттау көзделген. Қазіргі сәтте «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдарымен тиісті келісімшарт жасалған және оимпорт осы тамыз айынан жүзеге асырыла бастайды. Бірінші импорт шамамен 19 мың тонна болмақ. Бірақ, бұл небәрі екі айға созылатын бір реттік акция. Қазанда Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 бензинін шығара бастаймыз», — деді ол журналистер қойған сауалға.

Оның айтуынша, Ресейден импорт бензин тамыз айының соңында жеткізіледі.

«Бұл Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы шекарада екі бағытта да туындайтын көлік кептелісіне байланысы. Өйткені жолға тек мұнай өнімдерімен ғана емес, сонымен бірге өзге де тауарларға байланысты үлкен жүктеме түсіп отыр», — деді Ерлан Ақкенженов.

JQ-Aqparat

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз