Рэкетті көгендеу керек!

08 сәуiр 2016, 19:29

Бізге «Коллекторлық қызмет туралы» заң керек. Бірақ Ұлттық Банк Мәжіліске әкелген заң жобасында «нормальный» норма жоқ! Норманың түрі мынадай: Коллектордың (қарызды қайтаруды іске асырушы) кешкі сағат 21.00-ден таңғы 08-00-ге дейін борышкердің мазасын алуға құқығы жоқ. «Қарызыңды қайтар!» деп түнде кім кімнің мазасын алады?!. Ресейлік арнадан коллектордың жұртқа қалай қоқаңдайтынын көріп отырмыз ғой. Борышкердің есігіне қызыл бояумен: «Қарызыңды қайтар!» деп жазғаны былай тұрсын, ұрып-соғып, үйін өртеп кетіп жатыр. Бізге осыдан сабақ алу керек. Коллектор қызметін қатаң шектейтін норма қабылдануы тиіс.
Екінші мәселе – банктің қарызы. Миллиондаған қарыз және 40 мың теңгенің қарызы бар. Екінші қарыз ешкімнің басын ауыртпайды. Оны қазір жеке сот орындаушысы институты дәлелдеп отыр. Ол ұсақ несиені қайтаруға құлықсыз. Керісінше, ірі көлемдегі несиені қайтаруға бар күш-жігерін жұмсайды. Ұсақ қарыз осылайша көбейіп келеді. Бұл – ойланатын нәрсе. Банкте қайтарылуы неғайбыл борыш деген бар. Мысалы, үмітсіз борыш көлемі – 1 млн теңге делік. Банк коллекторға: «30 пайызын қайтар да, 70 пайызын өзің ал!» дейді. 300 мың теңгесін банкке беріп, 700 мың теңгені алуға кім келіспейді? Осы мәселені дұрыстап ойлану керек. Ойланбасақ, рэкетті өзіміз заңдастырып береміз.
Бұл заң жобасын бізге әкелгенде: «Халыққа қарсы заң» дегенім рас. Коллекторға қатаң шектеу қоймасақ, рэкетті өзіміз заңдастырамыз. Коллектор халықты тонайтын бандит емес қой! Олай болса, құқықтық негізде жұмыс істесін. Заң жобасын дайындаған Ұлттық Банк «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, қаржыгермен, банкирмен кеңескен. Бірақ борышкермен тілдескен жан жоқ. Борышкердің пікірі неге ескерілмеген? Сол себептен мен «Заң жобасын Үкіметке қайтарып жіберейік» деген ұсыныс айттым.
Мәселенің мәнісіне үңілеміз десек, мына көрсеткішке назар аударайық: Мемлекеттік несие бюросы ұсынған мәліметке жүгінсек, еліміздегі екінші деңгейдегі банктер мен микронесиелік ұйымдардан қарыз алғандар 5 млн 154 мың адамға жетіпті. Ал, ендеше! Соның ішінде тұтыну несиесін алғандар – 1 млн 102 мың 905 адам! Бұлардың қарыз алғанына 90 күннен асып кеткен. Қайтарылмаған қарыздың көлемі – 1 трлн 224 млрд теңге. Яғни 1 миллионнан астам қазақстандық 1 триллионнан астам қарызды қайтармай отыр деген сөз. Бұл мәселенің көкесі емес пе?!.
Қазіргі кезде елімізде 205 коллекторлық ұйым тіркеліпті. Олар банкке борышы бар азаматтың соңына түседі. Бірақ қалай жұмыс істейтіні түсініксіз. Міне, осы мәселені зерттеп-зерделеуіміз керек. Сол үшін мен жұмыс тобына мүше болдым. Ай-күннің аманында рэкетті заңдастыруға жол бермес үшін! Мысалы, біз Ресейден сабақ алуымызға болады. Олар «Коллекторлық қызмет туралы» екінші заңын қабылдады. Ең алдымен, коллектордың артық іс-қимылына тосқауыл қойды. Өміршең заң қабылдануы үшін, үздік шетелдік тәжірибені зерттеуіміз керек. Сол үшін Мәжілістің ақпарат-сараптамалық бөлімінен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің озық тәжірибесі туралы ақпарат сұраттым. Еуропалық тәжірибенің ең үздігін, өзімізге үйлесетін тұсын сол жерден аламыз. Сонда ғана нағыз халық мүддесін қорғайтын заң қабылдаймыз.

Мұхтар ТІНІКЕЕВ,

Мәжіліс депутаты

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде