
Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құрады. Оның ішінде дауыс беруге 9 127 192 азамат немесе 73,12% қатысты.
Дауыс беру нәтижесінде: 7 954 667 адам немесе қатысушылардың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді, 898 099 азамат қарсы дауыс берген, ал 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады, — деді Нұрлан Әбдіров.