jasqazaq.kz

Референдум: Қонаев қаласында ретрокөліктер шеруі өтті

15 наурыз, 10:01

Қонаев қаласының Құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Мұрат Сіргебаев республикалық референдум күні ерекше бастама көтеріп, ретрокөліктерден құралған автошеру ұйымдастырды.

Қала көшелерімен жүріп өткен сәні келіскен көне автомобильдер көпшіліктің назарын аударды. Сирек кездесетін ретрокөліктерді көрген тұрғындар қызыға қарап, суретке түсіп, ерекше әсер алды. Көпшілік үшін бұл күн тек маңызды саяси оқиға ғана емес, сонымен бірге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік сәтке айналды. Осылайша, Қонаев қаласында жағымды, позитивті атмосфера қалыптасты.

Айта кету керек, Мұрат Сіргебаев – қалада өз кәсібін табысты жүргізіп отырған ірі кәсіпкерлердің бірі. Ол қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, шаһардың қоғамдық өміріне тұрақты түрде үлес қосып келеді. Сонымен қатар қаладағы ерекше нысандардың бірі – ретрокөліктер музейінің негізін қалаған.

Елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық белсенділігі үшін ол Қонаев қаласының Құрметті азаматы атағына ие болған.

Кәсіпкер референдум күні өз учаскесіне барып, азаматтық таңдауын да жасады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді