Рано Умарова: Қайта қосылуға тырысқанда, мен «жоқ» дедім

04 қыркүйек 2023, 16:17


Әнші Рано Умарова отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде қатты күйзеліске түскені туралы айтты.
«Мен перзентханадан шығып, үйге келдім. Ол кезде әлі ажыраспаған едік. Жүктілікте 16 келі салмақ қостым. Босанғаннан кейін үш келі ғана салмағым кетті. Күйеуім «Сымбатты қызды алып едім, қазір жанымда кім отырғанын қараңдар» деп әзілдейтін. Ол мені ренжіту үшін айтпаған шығар. Бірақ менің ренішім ұлғая берді. Оның мені тастайтын ойы да болмады. Бір күні мен «Мені сүйесің бе? Біздің көзқарасымыз әртүрлі» дедім. Сосын үйімізден кеттім, пәтер жалдадым. Менде босанғаннан кейінгі күйзеліс қалған еді, не істерімді білмедім. Ол маған «Қайта қосылайық. Біздің ортақ баламыз бар. Тағы бала жоспарлайық. Баламыз жалғыз өседі. Қазір оны түсінбейсің» деді. Ал қазір жағдайды дәл сол кездегідей қабылдамайтын едім. Оның жұмыста жүргені, достарымен қыдырғаны мен үшін сұмдық еді. Ұйықтамадым, қатты қызғандым. Қазір «Құдайым-ау, қыдырса, қыдырсын» деп ойлаймын. Мүмкін, босанғаннан кейінгі күйзеліс шығар. Ол қайта қосылуға тырысқанда, мен «жоқ» дедім. Ол керемет әке. Біз керемет ата-анамыз. Сол кездегі жағдайға қазір ақылмен қарайтын едім», — деді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді