Рамазан Стамғазиев: Домбыраны қорлаған адамдарды заң алдында қатаң жазалау керек!

11 қыркүйек 2023, 10:57

Әнші Рамазан Стамғазиев әлеуметтік желіде жарияланған домбыраға қатысты мәселеге байланысты өз пікірі білдірді.

«Кейінгі кезде қисық уағыздарды естіп, жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емес пе? Халықтық ән-жырлар айтылып, салт-санамызды тәрбиелеп, жеткізіп келе жатқан жоқпыз ба? Жалпы қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес?! Ендеше мына кісінікі не сандырақ? Ел ішіне іріткі салып, халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынадай адамдарды заң алдында қатаң жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жүрсе, домбыра мен исламды бір-біріне қарcы қоюы дұрыс емес, қате ұғым», — деп жазды.
Сонымен қатар Қазақстан діни басқармасы желіде тараған мұндай видеолар мен домбыраны харамға теңеудің дұрыс еместігін айтып, мәлімдеме жасады. «Әлеуметтік желіде кейбір іні-қарындастарымыздың «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген мағынада айтқан пікірі қоғамда түсінбеушілік тудыруда. Осыған байланысты азаматтар тарапынан Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына сауалдар келіп түсуде. Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқы ұлттық аспабымыз – домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын «домбыра шерту, беташар жасау, сәлем салу – харам» деген мағынада біржақтама, негізсіз пікір айтып, халық арасында түсінбеушілік тудырмауға үндейді. Ұлттық құндылықтарға қарсы келу дұрыс емес екенін мәлімдейміз», — деп хабарлады ҚМДБ.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді