Рамазан Стамғазиев: Еліктегіштер бізге керек емес

01 желтоқсан 2016, 13:07

ramazan

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтің  сұхбаты

 Қазіргі қазақ сахнасында әртүрлі субмәдениеттік өнерді жаңалық етіп жүрген жастардың өнеріне көзқарасыңыз қалай?

Рамазан Стамғазиев: Жастарға топырақ шашуды, оларды төмендетуді өз басым, жан-дүнием ұнатпайды. Өйткені, әр қазақ – менің жалғызым дегендей, әрқайсысы әйтеуір шама-шарқына, деңгейіне байланысты, өнердің сахнасында бір-бір тал боп бекітіліп жатыр. Біздің ұстарздарымыз айтатын: «Өмір өзі барлық нәрсені теңейді, өмір өзі барлығын қалпына түсіреді. Өмір өзі халықтың алдына қалқып алып шығады: қаймағы кім, мықтысы кім, оның жанашыры кім, өнерпаз дегеннің кім екенін өмір өзі еншілеп алып шығады. Ал, осыған дейін, кейде осы бір  бүкіл халық, есті халық, жастар қарсы болып жатқан топтар шығып жатыр. Ол жігіттерге мен де қарсымын. Өйткені, өзінің кең-байтақ жері тұрғанда, өзінің ешкімге айырбастамайтын ұлттық әуені тұрғанда, өзінің киім кию мәдениеті тұрғанда, өзінің ұлттық асы, өзінің ұлттық поэзиясы тұрған кезде, «өзгенікі – таңсық» дегендей, содан алып жаңашылдық шығарғысы келіп, ортаға түсіп жүрген жастар болуы керек. Көбінше сол халықтың атынан сөйленіп, халық айтып жатқан дүниеге құлақ асып, өз жөніне келеді ғой деген ойдамын. Жас балалар, елпілдеп тұрған, не көрсе соған еліктегіш жастар қазір. Олар да сол, осыншама халық дүркірегеннен кейін, жан-жағына қарап, бой түзеп, үлкен буын ағаларының қасына сапқа тұрып, қазақи қалпына қайта түседі-ау деген ойдамын.

Аға буын арасында да сол жастарды жақтайтындар бар. Олар кезінде БониМ, Битлз, Леонтьевке еліктегендерін, бірақ өмір бойы солардың стилін ұстанып қалмағандарын алға тартады. Ал, менің ойымша, аталған топтар қазақ тілінде, біздің ана тілімізде ән айтқан жоқ, теледидардан да күні-түні көрсетілмеді, ауыл-аймақты аралап концертін, фан-акцияларын өткізген жоқ. Басқа алыс елде, өзге тілде ән салды. Еліктегіштердің санасына түпкілікті сіңбегендігі де содан болар.  Ал қазақ сахнасында, қазақ тілінде ән айтып, біртүрлі стильде киініп, ауыл-аймақты аралап жүрген еліктегіш топты олармен салыстыруға бола ма?

Рамазан Стамғазиев: Олардың әрекеті – арттағы жас ұрпақты улау. Мысалы, кезінде 1991 жылдан бастап Қазақстанға басқа ұлттың әдемі-әдемі профессионалдары, арзанқол аранжировщиктері келіп кірді, сіңді. Соларға осы біздің еліміздегі менің әріптестерім, көп әншілер барып, аранжировка жасатты. Сонда бүкіл аранжировкасын қарап отырсаңыз, ол өзбек болса ұлттық милизмдерін, ұлттық дүниелерін, ұлттық бояуларын қосып жазып берген. Соны 10 жыл тыңдаған балаға қазір, мынау өзбектің, не басқаның әуені десең,  олар сенбейді. Өйткені, көзін ашқалы бері сол музыканы тыңдады. Сол сияқты мыналар да жастарды құртады, мүгедек жасайды ғой. Қазақты ұлттық тұғырынан тайғызуы, ұлттық жолынан тайғызуы, керек десеңіз, ұлттық тәрбиені де басқаға айналдырып жіберуі мүмкін. Ең зияндысы осы.

  Осындай топтардың әніне емес, көбіне сәніне қатты сын айтылып жатыр. Өйткені сырға тағып, шаш бояуға  қазақтың көзі үйренбеген, көңіліне де сіңбеген жат нәрсе. Мысалы, сіздің ұлыңыз осы топтарға еліктеп, сол стильде киінемін десе қалай қарар едіңіз?

Рамазан Стамғазиев: Жо-жоқ, Құдай сақтасын…

Теледидардан күнде көріп жүргендіктен еліктемейді деп кесіп айта аласыз ба?

Рамазан Стамғазиев: Мен өз балама өзім жауап бере аламын. Өйткені, менің балам ортаны біледі. Ауылдан шыққан, әжесінің тәрбиесін көрген бала. Ортасы қазақи, оқитын кітабы, көретін фильмі қазақша. Әкесінен, анасынан алған тәрбиесі басқаша.

Алайда, басқа жастар еліктемейді дей алмаймыз ғой…

Рамазан Стамғазиев: Әрине, жастардың барлығы еліктейді. Өзіміз де кезінде Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов боламыз деп еліктеп шыққанбыз. Манарбек Ержанов пен Жүсіпбек Елебеков сияқты ән айтсақ дейтінбіз. Еліктеу арқылы біз өнерге келдік. Бірақ, еліктеу арқылы бүкіл қоғам бұзылып кетуі мүмкін. Бір өтірік әңгімені қайта-қайта айта берсең шындыққа айналады деген сөз бар.

 Оларға  тиым салған дұрыс деп ойлайсыз ба?

 Рамазан Стамғазиев: Тиым салу керек. Үкімет басынан, мәдениет саласынан, министрліктен, болмаса ақпарат жүйелерінің барлығынан тиым салу керек. Керек десеңіз, 15 күнге дейін қамап тастау керек. Тіпті болмай бара жатса, көрші Өзбекстанда кейбір әншілерін мәңгіге Россияға қуалап жіберді ғой, сондай нәрсе жасау керек деп ойлаймын.

  Енді оңтүстіктің жастары бастап, өзге аймақтың жастары қостап, қарсы шығып жатыр 91 тобына. Бірақ ол жастарды біреулер ұйымдастырған, әдейі қарсылық шараларын жасатып жатыр деп айыптап жатқандар бар. Сіз қалай ойлайсыз?

Рамазан Стамғазиев: Қарсылық көрсеткені дұрыс.Мен сол группаның аты-жөнін де білмеймін керек десеңіз. Бірақ, күнделікті ғаламтордан, жаңалықтардан, газет-журналдан оқып жатырмыз. Оларды айтқан сайын, танымалдығын арттырып жатырмыз, керек десеңіз. Халықты олай шулатпау керек. Елдің заңы болады. Мысалы, кешегі күні көліктің тонировкасын алыңдар, қауіпсіздік белдігін тағыңдар Заң бойынша деп еді, барлығы соны орындады ғой. Сол сияқты, бұлар «эфирге жіберілмесін, ұлттық құндылықтарымызға қайшы» деген жоғарғы жақтан, министрліктен, әкімшіліктен шектеу қоятын болса, олар ешқайда бармайды.

 Сонда олардың бірнеше қалаларда концерттерінің өтпей қалуын намысты жастардың жеңісі деп есептейсіз бе?

Рамазан Стамғазиев: Мен ол жастарға қосыламын. Қуанып отырамын. Кешегі  күні айғайлап, артынан ит қосып қуып, шығарып тастапты.Өте дұрыс жасап жатыр.

Сұқбаттасқан Гүлнұр Құланбаева

halyknews.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде