Рахман Алшанов: Өзгелер бәрін біледі. Біз ше?

18 қыркүйек 2016, 18:44

Жаңа үкімет жасақталды. Сол күннен бастап сарапшылар сан түрлі пікір айтуда. Әркімнің болжамы әрқалай. Жаңа министрліктер құрылды. Үкімет басшысы мен оның екі орынбасары жаңадан тағайындалды. Осыған орай біз де экономистердің пікірін білген едік. 

Қазір барлық елдің жағдайы мәз емес. Ресейдің жуық арада тығырықтан шығатынын болжай алмаймын. Қытайдың даму қарқыны 14 пайыздан 6,5 пайызға төмендеді. Мұнай, түрлі-түсті металға сұраныстың азаюы бәрімізге кері әсерін тигізіп отыр. Елбасы жуырда бюджетке ақшаның 40 пайызы әлі түскен жоқ деп айтты. Енді соны қалпына келтіру оңай жұмыс болмайды. Бүгінде жалпы ішкі өнім өсімі 0,5 пайыз болғанның өзі жаман емес. Өзге елдер тарапынан бірқатар өнімге сұраныс бар. Астық, өсімдік майы тағы басқа өнімдердің экспорт көлемі төмендеген жоқ. Қазір Қашағанның қосылуын күтіп отыр. Ол жер жұмыс істей бастаса, тағы шикізатқа иек артып отырмақшымыз. Дегенмен басқа саланы ұмытпау керек. Мәселен тамақ өнімдерін сырттан 3 млн доллларға дейін әкелеміз. Оны өзімізде өндіруге не кедергі? Осыған орай Елбасы тапсырма берді. Енді орындау керек. Құрылыс, химия саласы жақсы дамып келеді. Электротехника шығарудан қарқынымыз жаман емес. Индустриалды даму бағдарлама аясында біраз қателік кетті. Мемлекет басшысы осыған қатысты  ескерту жасады. Қытайға, Ресейге жібереміз деп әбден бизнес-жоспар жасауға машықтанып алған. Астанада тепловоз шығардық. Оны Ресей мен Беларусь  алмайды.  Әзірбайжан, Испания алып жатқанын естідік. Бірақ одақтас елдерге қажет емес. Сол зауытты салу үшін қанша қаржы жұмсалды? Соңғы үлгідегі технология пайдалнылды. Мүмкін оны одақтас елдерге өткізу үшін даусымызды қаттырақ шығаруымыз керек шығар. Болмаса ол нарықтан өз орнымызды табу үшін, сұранысқа ие тауар көлемін ұлғайтуды қолға алу керек. Биыл тамақ өнімдерінің экспорты 50 пайызға артыпты. Барлық ел бізге не қажет екенін жақсы біледі. Ал біздің одан хабарымыз жоқ.

Бидайдан зығыр пайдалы

Бразилияда ет экспортымен 150-ден астам компания айналысады. Олар әр елдің сұранысына байланысты етті реттеп жіберіп отырады. Бізге маркетингті дамыту керек. Қытайда халықтың саны артып келеді. Әсіресе азық-түлікке сұраныс артуда. Ол жақта оқып келген жастарды тарту қажет. Соңғы күндердің өзінде тонналап бидай, ұн жіберіп жатырмыз. Біз үшін жіберген тауарымыз көп болғанымен, оларға ештеңе емес. 2 млн тонна өсімдік майын экспорттаймыз.  Қытайлар зығырды да сұрап отыр. Бидай мен зығырдың бір гектардан алатын өнімі бірдей. Алайда зығырдың құны үш есе қымбат. Қолға қалам алып есептеу керек. Біреу айтты екен деп қайдағы жоқ тиімсіз жобаларды қолға ала бергенше. Ол ақшаны алған соң елден қашып кетеді. Есеп комитетінің төрғасы өткен жолы дұрыс игерілмеген ақшаның көлемі 1 трлн теңгеден асты деп айтты. Бұл не деген масқара? Ол үшін кім жауап береді? Өткен жолы Елбасы тендер мәселесін де көтерді. Мәселен желтоқсан айында келер жылға бюджет бекітіледі. Алайда тендер мамыр, маусым айына дейін жарияланбайды. Екі-үш айда қалай болса солай ақша игеріледі. Біз алдымен ішкі жүйені ретке келтіруіміз керек. Қазір еліміздің дамуына жетпейтіні экономика. Есептеп, жан-жақтың тәжірбиесін зерттеу қажет. Сол себептен жаңа ашылған кәсіпорындар тақырға отырып жатыр.

Олқылыққа жол бермеу керек

Аймақтың басым бөлігінде салық дұрыс жиналмайды. Оңтүстік Қазақстан салық жинаудан облыстардың ішінде соңғы орында тұр. Бастапқыда айтып өткендей инновациялық ірі жобалардан қателестік. Кеше ашылғаны жабылып жатыр. Біз 2 млн тонна металлдан жасалған бұйымды сырттан әкелеміз. Ол металл өзімізде де бар. Неге жасамасқа? Жерге төсейтін плиткаларды да әкелеміз. Қажет болмай қалатын өндіріс орындарын ашпай тұрып зерттеуге болатын еді. Астанада автокөлік өңдейтін зауыт жұмысын тоқтатыпты. «Не үшін?» — деген сауалға жүргізушілер ескі дөңгелегін өткізуге әкелмейді деген сарында жауап береді. Олар неге алдымен сол мәселені шешіп алмады? Румыниядағы Rompetrol жанар-жағармай құю стансаларын сатып алды. Ал Rompetrol компаниялар тобының бұрынғы иелері соңына көптеген қарыз тастап кеткен екен. Оның қарызын жапты. Нәтижесіне ҚазМұнайгаз шығынға батты. Сол үшін инвестиция салмай тұрып ойлану керек. Қазір сатайын десе, кеткен шығынды жаба алмай отыр. Жаңа жасақталған үкімет осы олқылықты қайта қалпына келтіру мәселесін ойлану керек. Тиімсіз жобалардан қандай да бір пайда табу мәселесі қарастырылғаны жөн. Оған қомақты қаржы жұмсалды емес пе?.

Дайындаған: Елдос Өмірзақұлы

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде